20 жастағы спортшы жексенбі күні салмақ тастауға арналған ауыр киімін шешпеген күйде табылған, деп жазады vesti.kz
Шотландиялық спортшы алдағы жекпе-жекке салмақ тастаймын деп көз жұмды
Шотландиялық спортшы Джордан Коу Таиландта көз жұмды, ол муай тайдан жекпе-жекке дайындалып, салмақ тастап жүрген.
Басылымның жазуы бойынша, 20 жастағы Коу жексенбі күні салмақ тастауға арналған ауыр киімін шешпеген күйде табылған. Алдын ала болжам бойынша, өлім ыстық өту себебінен болған.
Бапкерлердің бірі полицияға спортшының 3 келі тастауы керек болғанын айтады. Спортшы жексенбі күнге жоспарланған жекпе-жекте 61 келі салмақта жұдырықтасу керек болатын.