«Алаш Орданың» 100-жылдығына орай аралас жекпе-жектен «АЛАШ АЙБАРЫ» Халықаралық Турнирі өтеді

/uploads/thumbnail/20170710000015475_small.jpg

         Үстіміздегі жылдың 1-сәуірінде Алматы қаласындағы Балуан Шолақ атындағы спорт сарайында, «Алаш Орданың» 100-жылдығына орайластырылған, аралас жекпе-жектен ауқымды «АЛАШ АЙБАРЫ» Халықаралық Турнирі өтеді. Спорт сайысын Алматы қаласы әкімдігінің  қолдауымен, Орта Азиядағы ең үздік промоушендердің бірі «Alash Pride FC» ұйымдастырып отыр.

Аталмыш турнирде Қазақстан, Бразилия, Грекия, Ресей, Белоруссия, Украина, Әзірбайжан, Өзбекстан және Қырғызстан  елдерінің сегізбұрышта сұрыпталған жекпе-жек шеберлері өнер көрсетеді.

12 жекпе-жектен тұратын турнир барысында  «Алаш Прайд» тұжырымы бойынша 61 келі салмақта Қазақстан чемпионы анықталады. Шешуші финалдық кездесуде Жасұлан Қарақұлов пен Ильяр Асханов алтын белбеуді өзара сарапқа салады.Сондай-ақ , «Алаш Прайдтың» тәжірибелі өкілі Ержан Естанов беларусь Сергей Синкевичтің шамасын байқайды. Тағы бір талантты спортшымыз Ерлан Тлеумбетов басты кездесуде бразилиялық  Luciano Palhano айқасса,осыған дейін жеңілістің ащы дәмін татпаған Сулейман Исаев грекиялық Клаудио Веканимен күш сынасады. Ауыр салмақтағы  алыптарымыз Евгений Егембердиев пен Асылжан Бақытжанұлына тиісінше ресейліктер Иван Лукин мен Алексей Кисер қарсы тұрады. «Алаш Прайд» тұжырымы бойынша 57 келі салмақтағы Қазақстан чемпионы Шыңғыс Қайранов украин жігіті Алексей Наумовқа ұшқыр жебесін дарытуға тырысады.Осы салмақтағы тағы бір талантты жігітіміз Асу Алмабаев әзірбайжан өкілі Мехман Мамедовпен кездеседі.Осы кештегі өзге жекпе-жектер де  қалың жанкүйер көңілінен шығады деп  сенеміз. Жан алысып, жан беріскен адуынды айқастарды еліміздің «Хабар» және Ресейдің «Бокс ТВ» арналары тікелей эфирде көрсететін болады.   Жарыстың басталу уақыты кешкі сағат 19.00-де. Алты Алаштың рухын көтерер жекпе-жек кешінен қапы қалмаңыз ағайын.

      «АЛАШ АЙБАРЫ» Халықаралық Турнирінің ресми салмақ өлшеу рәсімі  31 наурызда сағат 11:00 де, «Mega Park Almaty» сауда ойын-сауық кешенінде өтеді.

«АЛАШ АЙБАРЫ» ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ТУРНИРІНЕ ҚАТЫСУШЫЛАРДЫҢ

ТОЛЫҚ ТІЗІМІ :

  1. 73 кг – Жандос «Қасқыр» Исабеков – Бек «Пан» Абылда (Қырғызстан)
  2. 65,8 кг - Мурат «Көкпар» Бахторазов - Али «Варвар» Мамиев (Ресей)
  3. 56,7 кг – Бақтияр «Түрікпен» Несіпбек - Фарид Бабазаде (Әзірбайжан)
  4. 65,8 кг – Игорь «Золотой тигр» Жирков - Ратмир Теуважуков (Ресей)
  5. 56,7 кг – Асу «Зульфикар» Алмабаев – Мехман Мамедов (Әзірбайжан)
  6. 61,2 кг – Ильяр «Динамит» Асханов – Жасұлан «Аққойлы» Қарақұлов – финал
  7. 56,7 кг - Шыңғыс «Шах қазақ» Қайранов – Алексей «Арис» Наумов (Украина)
  8. +93 кг – Асылжан «Сак» Бақытжанұлы – Алексей «Вышибала» Кисер (Ресей)
  9. 70,3 кг - Сулейман «Великолепный» Исаев - Klaudio Vecani  (Греция)
  10. 65,8 кг - Ержан «Арлан» Естанов – Сергей Синкеевич (Белорусия)
  11. 93кг – Евгений «Метис» Егембердиев – Иван Лукин (Ресей)
  12. 70,3 кг - Ерлан «Лев» Тлеумбетов – Luciano Palhano (Бразилия)

Қатысты Мақалалар