Балабақшаны жын-ойнаққа айналдырған тәрбиешілер жазаланды

/uploads/thumbnail/20170710000040695_small.png

Ғаламторда "Шымкент" деген атаумен видео жарияланған еді. Онда кимешек киген әйел мен қазақтың шапанын жапқан ер адамның ерсі биін көрдік. Қазақтың ұлттық киімін киіп шетелдің әніне балалардың көзінше билегені халықтың жағасын ұстатты.  Оқиға балабақшада Ұлыстың Ұлы күніне арналған мерекелік шарада болғаны анықталды. Сол үшін лайықты жазасын алып отыр. 

Бұл видео ғаламторда қызу талқыланып, жұрттың ашуын шақырды. Артынан қызметтік тексеру жүргізіліп қай мекеме екені анықталған. Әйтсе де білім бөлімі оны жарияламай отыр. Тек 4 тәрбиешіге қатаң сөгіс, мекеме басшысына жай сөгіс бергендерін айтты.

Қатысты Мақалалар