2014 жылдың мамырында Алматы қаласының билігі Виктор Храпунов пен оның қосылма тұлғаларына қарсы АҚШ-тағы Калифорния штатының сотына арыз түсірген болатын. Процесс Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінің заңгерлік қадағалауымен өтті. Тараптардың мәліметтерді ашу процедураларының нәтижесінде Қазақстаннан шығарылып, жымқырылған активтер анықталған.
«Қылмыстық қудалаудан және жымқырған қаражатының тәркіленуінен сақтанған Виктор Храпунов пен Мұхтар Әблязов АҚШ құзыретінін активтерді шұғыл шығару мақсатында мүлікті сата бастаған. Нақтырақ айтқанда, Нью-Йорктегі апартаментінің қонақүйді қайта құрылымдау бойынша жобаларға айтарлықтай жеңілдіктер жасалған. Құйылған 40 миллион доллардың орнына Әблязов пен Храпунов өз үлестерін 21 миллион долларға сатуға тырысқан. Алайда олардың арасында және девелопердің арасында сот дау шыққан. Бұл процесске БТА Банкінің, Алматы әкімдігінің және Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі араласты. Нәтижесінде 21 миллион доллар көлеміндегі қаражатты өткізуге тыйым салынды. Қазіргі уақытта АҚШ-тың федералды сотында және Нью-Йорк штатының сотында тоқтатылған қаражатты қайтару бойынша жұмыстар жүргізіліп жатыр», - деп хабарлаған министрліктегілер.
Алайда, кейін бұл мәлімдемені Калифорния штатының аймақтық соты қараудан бас тартқан еді. Содан Алматы әкімдігі мен ҚР Әділет министрлігіндегілер Калифорния штатының апелляциялық сотына наразылық білдіріп, өтініш қалдырды.
Осылайша екінші инстанциялы сот Қазақстан Республикасының бұл өтінішін қанағаттандырып, Аймақтық соттың шешімін өзгертті.
«Қазақстан Республикасы АҚШ-тың сотын өз позициясының дұрыс екендігіне көз жеткізе білді. Аталған шешім жемқорлықпен күрес саласындағы үздіксіз жұмыстың нәтижесі болып табылады. Енді Алматы қаласының Храпуновтарға қарсы шағымы Калифорния сотында қарастырылатын болады», - деді Әділет министрлігіндегілер.