Масқара! Қазақстандық гейлер өз құқықтарын қорғау үшін үндеу жариялады

/uploads/thumbnail/20170710001913877_small.jpg

"Қамшы" ақпараттық агенттігі жаға ұстатарлық жайтқа тап болды. Біздің поштамызға қазақстандық гейлердің құқығын қорғау қажеттігі туралы хат келіп түскен екен. Қоғамның пікірі қашан да маңызды. Мына сұмдық жағдайға бей-жай қарай алмаған агенттік ұжымы хатты жариялап, құзырлы органдардан мұндай ұлтты қаралайтын жайттардың алдын алуларын сұрайды.

"Тәуелсіздіктің шуағына шомылып туылып, бөленіп өскен ұрпақ жаңа заман үнін естіді! Заман үні бізді адам теңдігі мен құқықтары үшін күресуге, адамгершілік пен абырой жолында тер төгуге шақырады. Уақыт келді! Енді жаңа заман қазақтың гей ұлдары мен қыздарына үндеу тастайды", - деп бастаған өз үндеу хаттарында.

Сонымен қатар, өздерінің сезімдерін "харам деп айыптады" деген реніштерін де білдірген. Өздерін "Қазақстанның толыққанды азаматымыз және де қазақтар да заман талабына сай өзгеріп отырулары қажет деген", - пікірді ұстанғандар бір-бірлерін "Гей азамат" деп шақырады. 

Ең сорақысы: "Қазақтың гей ұлы мен қызы, сенің бар болуға және сол шынайы болмысыңды жария етіп, өзге жұртпен тең болып өмір сүруге құқығың бар. Ол құқық біздің халықтың ежелден қанына сіңген басты құндылығына негізделген", - деген сөздерінің астарында қоғам бізді осы күйімізде қабылдап, бізді қолдауы керек деген өздерінің сорақы саясаты жатқандығын аңғаруымызға боламыз. Өздерінің бұл іс-әрекеттерін жыныстық-психологиялық ауруға шалдыққандар деп емес, керісінше "жүре пайда болған өмір салты, замануи мода" деп түсіндіріп, қазақ ұлтының намысына тиетін сөздерді жазып қалдырған. 

Гей және бисексуалдардың қашаннан бері қазаққа бауыр болғанын білмейміз, алайда бұлар "қазақ ешқашан өз бауырын сыртқа теппеген" деп өздерін қазақ ұлтының бір мүшесі ретінде барша қазақтарға бауыр, туыспысз деп санайды екен.

Естеріңізге сала кетсек, бірнеше күн бұрын қазақстандық гей, бисексуалдардың құқығын қорғайтын жаңа портал ашылды деген мазмұнда ақпарат жариялаған болатынбыз. Жоғарыдағы хатты дәл сол порталдың жауапты тұлғалары жіберген.

Сонымен қатар бірнеше отандық ақпараттық сайттарға үндеулерін таратып жатыр. Бұл дегеніміз - қазақстандық гей, бисексуалдар бой көтеріп, өз құқықтарын алға тартуға көшкен. Қазақы менталитетімізге жат, мұндай оғаш қылықтар қоғамның наразылығын тудырмай қоймайды. 

Ел арасына ылаң тудырып отырған бұндай психологиялық ауруға душар болғандар ендігі кезекте баршы жұртшылықтың назарын өздеріне қаратып отыр. Мұндай азғындықты дер кезінде ауыздықтамаса, үнсіз қалып, арты ұлттық дүрбелеңге әкеліп соғуы әбден мүмкін.

Қатысты Мақалалар