2017 жылы 31 наурызда Астана уақытымен сағат 08.22-де штаттан тыс жағдай туындады деп хабарлады, деп хабарлайды qamshy.kz «Қазақтелерадио» компаниясына сілтеме жасап.
Ақаудың салдарынан 13 байланыс және телерадио хабарларын тарату операторларының қызметі тоқтатылды.
Министрлік қазір Республикалық ғарыштық байланыс орталығының мамандары спутник қызметін және байланыс пен телерадио хабарларын тарату операторларының жұмысын қалпына келтірудің барлық шараларын жасап жатқанын айтады.
«Республикалық ғарыштық байланыс орталығы» АҚ баспасөз қызметінің хабарлауынша, «Қазіргі уақытта «Ақкөл» ғарыштық байланыс орталығының қызметкерлері бас мердігер - М.В.Хруничев атындағы мемлекеттік ғарыштық ғылыми-өндірістік орталығының өкілдерімен бірлесіп, спутниктің қалыпты жұмысын және байланыс операторлары желісінің жұмысын ретке келтіру үшін барлық қажетті шараларды жасауда. Жүргізіліп жатқан барлық шаралар туралы қосымша хабарланатын болады», делінген.
Ресейдегі М.Хруничев атындағы мемлекеттік ғарыштық ғылыми-өндірістік орталықпен келісімшарт жасалғанда, бірден екі жер серігіне тапсырыс берілген. Яғни екі спутниктің де негізгі техникалық және қызметтік тұжырымдамасы ұқсас. Бұл - «KazSat-2» де «KazSat-1»-дің кебін киюі әбден мүмкін деген сөз», - деп мәлімдеген еді Мәжіліс депутаты Ержан Рахметов Үкімет басшысына жолдаған сауалында.
Есте болса, бұған дейін ғарышқа ұшырылған «KazSat-1» жер серігінің жобасы жоғалып кеткен. «KazSat-1» спутнигі Ресейде 65 миллион АҚШ долларына жасалған. Бұл спутник 2008 жылы маусымда істен шығып, кейін орбитаға жіберілген.
KazSat-1 — Жер айналымындағы алғашқы ғарыш жабдығы. 2008 жылы желтоқсанның 2-сі күні «KazSat-1» жер серігі жұмысын толығымен тоқтатқаны туралы Парламент Мәжілісінде Халықаралық істер, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің отырысында Ұлттық ғарыш агенттігінің төрағасы Талғат Мұсабаев мәлімдеді. Борттағы басқару жүйесінің белгісіз себептермен жиі істен шығуы мен құрылғының сапасыздығы мүшкіл жағдайға әкеп соқты, деп айтқан болатын агенттік төрағасы.
Қазақстанның аумағын, Орталық Азия республикаларын, Кавказды, Ресейдің орталық бөлігін қамтыған «KazSat-1» ғарыш серігі 65 млн. долларға сақтандырылған. «KazSat-1» ғарыш серігіне жұмсалған қаржы толығымен қайтарылды деп жарияланған.
Одан кейін Ресейде жасалған «KazSat-2» ғарыш аппараты 2011 жылғы 16 шілдеде «Байқоңыр» ғарыш айлағынан геостационарлық орбитаға (ГСО) ұшырылған болатын.
Байланыс және хабар тарату спутнигі «РҒБО» АҚ тапсырысы бойынша «М.В.Хруничев атындағы мемлекеттік ғарыштық ғылыми-өндірістік орталығы» ФМБК ресейлік кәсіпорынмен Thales Alenia Space (Италия) компаниясымен бірлесіп жасалды.
«KazSat-2» ҒА жасау барысында бағдар және тұрақтандыру жүйесінде SODER и Astrium (Франция) өндірісінің құралдары қолданылды.
«KazSat-2» спутнигі электрондық үкіметтің, телерадио хабар тарату, телефония, деректерді табыстау, сондай-ақ мультимедиа, жылжымалы байланыс қызметтерін көрсету үшін арналған.
Оның қызмет көрсету аймағы Қазақстан Республикасының барлық аумағын, Орталық Азия елдерін, Қытайдың, Моңғолияның солтүстік-батысын, Ресейдің орталық бөлігін, Күнгей Кавказ елдерін, Украина мен Белоруссия бөліктерін қамтыды.
Жалпы, «KazSat-2 – бұл төл туындымыз, өзіміздің қолға басқаруға толық көшкен ғарыш аппараты болған. Ешқандай ауытқулар болмаса, Қазақстан өзінің тағы бір спутнигін басқаруды қолына алар еді. Айта кетейік «KazSat-2»-ге мемлекет қазынасынан 115 млн доллар бөлінді.
Агенттік төрағасы Талғат Мұсабаев ғарыш аппараттары жайында былай деген: «KazSat» сериялы ұлттық ғарыш жүйесі қазақстандық спутниктік операторлар қызметін тұтынушылардың сұранысын қанағаттандырып, еліміздің ақпараттық қауіпсіздігін қамтамасыз етуге, сонымен бірге шетелдік ресурстарды жалға алғаны үшін шетелге кететін қаржы ағынын айзайта түсу үшін құрылған».
Қамшыгер: Гүлім ЖАҚАН