Бірнеше жыл бұрын америкалық Ингеборг Макинтош есімді әйел бұл баланы асырап алу үшін көп күш жұмсады. Джордан кішкентай кезінде жетімдер үйіне тапсырылған. Дәл сол баланы асырап алу үшін әйел 4 жыл уақытын сарп еткен.
Бұлай ұзақ жүруінің себебі туған анасы баланы афроамерикандық отбасының асырап алғанын қалаған еді. Ондай отбасы табылмағандықтан жетімдер үйінің жетекшілігі баланы Ингеборгқа береді. Әйелдің айтуынша, ол баланы алғаш көргенде өзінің обасының мүшесі екенін сезген.
Арада 20 жыл өткен соң әйел ауыр дертке шалдығады. Дереу бүйрегін ауыстыру қажет болады, тез арада ауыстырмаса өміріне қауіп төніп тұруы мүмкін еді. Оған қажетті донор табылмағандықтан ұлы анасына жасырын түрде донор боламын деп шешім қабылдайды. Өзінің бүйрегі анасына жарар-жарамасын анықтау үшін қан тапсырады, нәтижесі оң болып шығады.
Екніші өмір сыйлаған анасы үшін Джордан дереу ота жасатуға бел байлайды. Оны асырап, бағып-қағып, бар махаббатын аямаған адам үшін жанын беруге дайын екенін жас жігіт тебірене айтады. Бұл оның істеген жақсылығына өзінің алғысы ретінде саналды. Өзін асырап алу үшін анасының қанша күш жұмсағанын жігіт жақсы біледі. Тіпті, кішкентай кезінің өзінде жылулығын төккен аяулы жан үшін бұл Джорданның қайтарымы болды.
Алайда, бұл анасы үшін істеген жақсылықтардың бастамасы ғана дейді. Оны қалай жақсы көріп бағалайтынының көрсеткіші ғана.
Сөйтіп, көптен күткен ота сәтті аяқталады. Бүгінгі күні Ингерборг «Менің балам – әлемдегі ең жақсы адам» деп сеніммен айта алады.
Пікір қалдыру