«KazSat-2» қалпына келтірілді

/uploads/thumbnail/20170710002141364_small.jpg

Бүгін Астана уақыты бойынша сағат 08:22-де «KazSat-2» ғарыш аппараты жұмысында штаттан тыс жағдайы анықталды деп хабарлайды inform.kz. Осының салдарынан «OTAU TV» жерсеріктік телехабар тарату желісіндегі аналогтық эфир желісі мен «Қазақстанның» облыстық арналарының таратқыш желісінде телерадиобағдарламалар таратуда кедергілер туындады.

«Қазтелерадио» АҚ тарапынан телерадиобағдарламалар қабылдауды «KazSat-3» жерсерігінен аналогтық тарату желісіне ауыстыру бойынша жедел жұмыстар жүргізіліп жатыр. Қазіргі уақытта облыстық маңызы бар қалалар мен аудан орталықтарының көбінде телерадиоарналардың аналогтық таралуы толығымен қалпына келтірілді. Қалған аудан орталықтарында хабар таратуды қалпына келтіру жұмыстары бірнеше сағаттың ішінде аяқталады.

«Қазақстанның» облыстық арналарының аудан орталықтары мен ауылдық округ деңгейінде аналогтық эфир желісінде, сонымен қатар "OTAU  TV" жерсеріктік телехабар тарату желісі арқылы таралуы «Kazsat-2» жерсерігі жұмысы қалпына келгенінен кейін жүзеге асырылады.

«KazSat-2» жерсерігі жұмысын қалпына келтіру шараларын «Республикалық ғарыш байланысы орталығы» атқаруда.


 

Қатысты Мақалалар