МЕН ЖӘНЕ ҮКІМЕТ

/uploads/thumbnail/20170708154126317_small.jpg

«Үйірімді тұлпардай кісінеп табам», - деп тұруы керек бүкіл есті едам! Мен билікке, Құдай бар, қарсы емеспін, Қарсы боп тұр, қайтейін, Үкімет маған!

Қазаққа бақыт тіледім, тілесем Хақтан, Ел мұңын ғана күніне жыр етем батпан! Айыбым менің қандастар келсін дегенім ғана, Ауытқып көрген жерім жоқ Нұрекең жақтан!

Құмалақ салшы деп, сенсеңіз, бақсыға да айттым, Өзім құрмет тұтатын, жалынып, жақсыға да айттым. Шеттегі қазақ келсін деген де Нұрекең сөзі, Мен оны айтсам, өзгеден қаттырақ айттым!

Көбейе бастап ек енді, күн ысып шамалы, Үмітім желге, туыстар, шын ұшып барады. Қазақ келсін шеттегі десем, Үкімет, Келтірмеуге қасарып, тырысып бағады!

Үкімет деген Алпамыс емес пе алып денелі, Құтқармай ма теңізге кеткен барып кемені. Келсем деген қазақты Алатауыма, Аямай күнде тобықтан қағып келеді.

Болмай-ақ қойсын, өкпе жоқ, мә деп берері, Келген ел өзі байлық пен сән ап келеді! Келсем деген қазақтың Атажұртыма, Тосқауыл қойып алдына әлектенеді!..

Келеді тынбай көгімде қыранша-ақ ұшқым, Бермейді саған қазақтай шын ән сап ешкім! Мен айтарымды аямай айтып келемін, Тынар екен түбі немен бұл арпалысың?!!

Ауыт Мұқибек

11.09.2014 Астана

Қатысты Мақалалар