Орыс тілі де қазақ жерінде француз тілінің кебін киеді, әлі!

/uploads/thumbnail/20170708154124944_small.jpg

Ертеректе Ресейдің патша сарайы мен элитасы жаппай француз тіліне көшіп, орыс тілі құрыдымға кеткен еді. ХХ ғасырда орыс тілі мүлдем қарасын батырады деген ұғым Ресейді билеушілерде болған. Бірақ, өкінішке қарай оған жете қойған жоқ. Дегенмен, қазаққа ғана өктем өзгелердің алдында бейшара болып жүрген орыс тілінің енді шынымен де күні бітетін сияқты. БҰҰ мінберінен орыс тілінің халықаралық мәртебесін жою туралы әңгіме көтеріліп жатқанын "Qazaq news" хабарлап та үлгерді. Бүгінгі күні Мәскеу мен Санкт-Петербор көшесіне шығып французша сұрақ қойсаң ешкімнен жауап ала алмайсың. Сонау дәуірдегі орыс элитасының сәні болған өктем тілдің бүгін ізі де қалмаған. Орыс тілі де қазақ жерінде француз тілінің кебін киеді, әлі! Алматы мен Астана көшесінде "Извините, вы говорите по-русски?" деген сұрақты ешкім түсінбейтін, оған жауап беретін бір адамды емге таппайтын күн де туар! Қазақтың тілі мәңгі жасасын!

Қуандық Шамахайұлы. (Facebook-тегі парақшасынан)

Қатысты Мақалалар