Қарағанды облысында суға ағып кеткен екі ағайындыны өз көзімен көрген куәгердің әңгімесі

/uploads/thumbnail/20170710003130654_small.jpg

Қарағанды облысына қарасты Қарқаралы ауданындағы Нүркен Әбдіров ауылының ағайынды жігіттері Қопа өзеніне батып кеткені туралы ақпарат шыққан болатын. Жылқы іздеп шыққан екі жігіттің бірі суға кеткен, оны құтқарамын деп жанталасқан ағасы да ағысқа қарсы келе алмаған. Ал үшінші жігіт өзеннің арғы бетінен өте алмай қалған болатын. Оқиға орнына жедел жеткен құтқарушылар оны таңғы 04:00 шамасында ауылға қайтарды,-деп хабарлайды "Қасым-Ақпарат" порталы.

Қарқаралы ауданының әкімі Халел Мақсұтовтың айтуынша, суға кеткен азаматтар қауіпсіздік ережесін өрескел бұзған. Қайғылы оқиға болардан бұрын оларға ауылдың учаскелік полиция қызметкері жолығып, су тасқыны қаупі төніп тұрғанына байланысты мал іздеуге шығуға болмайтындығын жеткізген. Ағайынды жігіттер оның айтқанымен келіседі. Алайда полиция қызметкері сырт айналғанда атқа мініп, жылқы іздеуге кеткен. Өздерінің жергілікті жердің жағдайын жақсы білетіндігіне тым сенімді болған азаматтар қауіп-қатер туралы ескертулерді елеусіз қалдырады.

Құтқарушылардың көмегімен ауылға жеткізілген азамат Сұңғат Көпбалин өзінің қауіпсіз жерге шығарылуы мен ағайынды жігіттердің өлімі туралы толық баяндап берді.

«Дархан мен оның ағасы Сайран дәл менің көз алдымда суға кетті. Біз таңертеңгілік Дархан екеуміз жылқы іздеуге шыққан болатынбыз. Ол кезде судың деңгейі айтарлықтай биік болған жоқ. Ал біз ауылға қайтып келе жатқанда су көтеріліп кетті. Кей жерлерде оның деңгейі 2-2,5 метрге дейін жетті. Біз өз бетімізбен өзеннен өте алмасымызды түсіндік те ауылдан көмек шақырдық. Дарханның ағасы Сайран мен тағы бірнеше ауылдас жігіттер бізге көмектесуге келді. Олар өз күштерімен жағаға шығаруға тырысты. Суға бірінші болып Сайран түскен болатын. Қатты ағыс оны ағызып әкетті, артынан інісін құтқарамын деп ағасы да суға кетті. Осыдан соң суға түсуге жігіттердің ешбірінің жүрегі дауаламады. Сондықтан қаладан келетін көмекті күтуге тура келді», – дейді Сұңғат.

Құтқарушылардың айтуынша, қаза тапқан жігіттердің үлкенінің жасы 44-те, кішісі 36 жаста екен. Дарханның соңында үш баласы ал Сайранның екі баласы қалыпты. Олардың денесі әлі табылған жоқ. Қазір іздестіру-құтқару шаралары жалғасуда.

Қатысты Мақалалар