Қазақтың жастары Ыстамбұлда домбыра шертіп түріктерді таң қалдырды (ВИДЕО)

/uploads/thumbnail/20170710003139310_small.png

Желіде жетімдер үйінің түлектері Ыстамбұл қаласындағы әлемге белгілі мешіттің жанында қазақтың қара домбырасымен күй орындаған видеосы таралды. Оны Венера Есімова есімді Facebook қолданушысы Айбек Есімовты белгілеп «Сені және оқушыларыңды мақтан тұтамын» деп жазып, жариялаған.

«Фестивальге барғанда, Ыстамбұл қаласында екі күнге тоқтауға мүмкіндік туды. Осман империясының бұрынғы астанасының тарихы, сәулеті, әдемілігі бізді рухтандырып, ашық аспан астында мешіттің жанында дайындық жұмыстарын жүргіздік.  Мен әрқашан өз оқушыларымды өз Отанын мақтан тұтуды, өз елінің патриоты болу керектігін айтып отырамын. Қазақстанның көк туын биікте ұстауды қалаймын. Біз қазақтың күйін әуежайда, саябақта, қонақ үйде, асханада және т.б. мүмкін жерлердің барлығында орындадық. Біз фестивальге дайындалғанымызбен шетелдіктерді қазақтың бай мәдениетімен таныстырдық» деп жазды Айбек Есімова.

Ыстамбұлда күй орындағанда күн суық болғанын және жаңбыр жауып тұрғандықтан жастардың күйді өз деңгейінде орындай алмағанын да ескертті.

 

Қатысты Мақалалар