«Қылмыс көп жасалған аймақтарда тұратын балаларға көмектесу керек»

/uploads/thumbnail/20170710003545127_small.jpg

СҚО әкімдігінде өткен  ведомствоаралық комиссияның отырысы барысында құқықбұзушылықтың алдын алуға арналған мәселе талқыланды. «Жасөспірім» жедел-алдын алу шарасын өткізудің қорытындысы жайында СҚО ІІД жергілікті полиция қызметінің бастығы Қанат Айтбаев баяндады.

        Қазіргі уақытта Солтүстік Қазақстан облысы аумағындағы«Жасөспірім» жедел-алдын алу шарасына 462 полиция қызметкері, 87 білім, 19 денсаулық сақтау саласының  өкілдері, 16 прокуратура  қызметкерлері, 13 «Нұр Отан» партиясы өкілдері   жұмылдырылған.

       «Жедел-алдын алу шарасын өткізу кезінде ішкі істер органдарына 383 кәмелетке жасы толмаған бала жеткізілді, оның 1-уі қылмыс жасағаны үшін, 55-і – әкімшілік құқық бұзғаны үшін, 217-сі – бақылаусыз және қадағалаусыз жүргені үшін. Осы кезеңде 429 құқық бұзушылық анықталды, оның 33-ін кәмелетке жасы толмағандар жасаған»,- деді Қанат Айтбаев.

       Облыс әкімі Құмар Ақсақалов полиция қызметі жергілікті атқарушы органдармен  жұмысты күшейте түсуі керектігін айтты.

       «Қоғамдық тәртіпке бей-жай қарамайтын және соған жаны ашитын бизнесмендер мен қоғамдық ұйымдардың өкілдері бар. Қылмыс жасауға бейім тәуекел аймақтарда тұратын жеткіншектер де кездеседі. Оларды арнайы мектепке дейін жеткізбей, сабақтан кейін  бос болмайтындай  істермен қамтып, олармен жұмыс істеу керек. Олардың мектептен кейін немен айналысатынын, балалардың жұмысбастылық пайызын білу қажет»,- деді өңір басшысы.         

       Сол сияқты отырыс барысында М.Жұмабаев және Жамбыд аудандарының әкімдері құқық бұзушылықтың алдын алу бойынша жергілікті атқарушы органдардың атқарып жатқан шаралары жайында ақпарат берді.

 

 

Қатысты Мақалалар