САНКТ-ПЕТЕРБУРГ МЕТРОСЫНДА ІРІ ЖАРЫЛЫС БОЛДЫ

/uploads/thumbnail/20170710003551424_small.jpg

Санкт-Петербург метросында жарылыс болды деп хабарлайды qamshy.kz.

Бүгін Санкт-Петербург қаласындағы метро станциясында жарылыс болды. Деректерге сәйкес, метро вагондарының бірі жарылып, 10 адам қаза тапқан. Бірінші жарылыс Сенная алаңында болған, ал екіншісі Технологиялық Университеттің жанында орын алды. Сенная алаңы қаланың орталығы болып табылады.

Айта кетер болсақ, Петербург метролары өте тереңде орналасқан.

Дәл қазір метродағы жолаушыларды құтқару шаралары жүргізіліп жатыр. Жарылыстың дәл қай уақытта болғаны белгісіз, куәгерлердің айтуынша, жарты сағат бұрын болған. Жараланған адамдардың саны өте көп, қайтыс болған адамдардың саны әзірге 10.

Бүгін РФ президенті Владимир Путин Санкт Петербургқа барып тілшілермен кездесіп, кейіннен Беларусия президенті Александр Лукашенкомен ресми кездесу өткізу керек болатын.

Санкт-Петербург метросында алдымен екі жарылыс болды десе, кейіннен бір станциясында жарылыс болғаны анықталды. Мұндай мәлімдемені жергілікті БАҚ хабарлады. Саладарынан 10 адам көз жұмып, 20 адам жараланды. Қазір адамдарды эвакуациялау жұмыстары жүргізіліп жатыр. Барлық теракті белгілері бар деп хабарлайды жергілікті БАҚ.

Жедел жәрдем, полицейлер мен құтқарушы топ оқиға орнына келіп үлгерді.

8 метро станциясы жабылды. Интерфакстың хабарлауынша бірнеше вагон зақымданды. 

 

 

Қатысты Мақалалар