Орталық коммуникациялар қызметінде 2017 жылы көктемгі егіс жұмыстарын жүргізу үшін қазақстандық ауыл шаруашылығы тауарларын өндірушілерді бағасы жеңілдетілген дизель отынымен қамтамасыз ету мәселесіне арналған брифинг өткізілді.
Іс-шараға энергетика вице-министрі Әсет Мағауов, «ҚазМұнайГаз Өнімдері» ЖШС операциялық басқару бойынша Бас директордың орынбасары Нұркен Мырзағалиев және «Гелиос» ЖШС Логистика жөніндегі директоры Артур Нам қатысты.
ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі жыл сайын облыс әкімдіктерімен бірлесіп, ауыл шаруашылығы тауарларын өндірушілерге қажетті көлемді анықтайды және ҚР Энергетика министрлігіне егіс және егісті жинау жұмыстарын жүргізуге арналған АШТӨ үшін дизельдік отынды жеткізу көлемі туралы ұсыныстарды енгізеді.
Қазіргі кезде ҚР Энергетика министрлігі ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігімен бірлесіп «Көктемгі егіс жұмыстарына дизельдік отынды жеткізу бойынша Мұнай өңдеу зауыттарына (МӨЗ) облыстарды бекітіп беру кестесін» бекітті.
Бекітілген Кесте ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі атынан облыс әкімдіктерінің ауыл шаруашылығы басқармаларына және ҚР Энергетика министрлігі атынан ресурс ұстаушыларға жіберілді.
Облыс әкімдіктерінің ауыл шаруашылығы басқармалары өз деңгейлерінде операторларды анықтайды.
Көктемгі егіс жұмыстарына қатысты бекітілген Дизельдік отынды жеткізу кестесі шеңберінде 2017 жылғы егіс жұмыстарына АШТӨ-ге 375 мың тонна дизельдік отын бөлінді, оның ішінде Атырау МӨЗ 79,0 мың. тонна, Павлодар мұнай-химия зауыты 233 мың тонна және ПКОП 63,0 мың тонна бөлгендігін атап өткен жөн.