Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында Мажарстанның ҚР Төтенше және Өкілетті Елшісі Андраш Барани мәлім етті.
«Бүгін Орталық және Шығыс Еуропадағы ең ірі лоу-кост әуе тасымалдауышысы Wizz Air әуекомпаниясы Астана және Мажарстанның елордасы Будапешт арасындағы жаңа әуеқатынас жолының іске қосылатындығын жариялады. Жаңа әуеқатынас жолы маусым айының 8-ші жұлдызында іске қосылады және аптада екі рет, бейсенбі және жексенбі күндерінде жұмыс істейтін болады. Астана-Будапешт әуебилеттері қазірдің өзінде сатылуда. Оларды тікелей wizzair.com сайтында 39,99 евродан басталатын бағалар бойынша сатып алуға болады» деді ол.
Мажарстан «Wizz Air Hungary Ltd» әуекомпаниясының коммуникациялар бөлімінің басшысы Тамара Валуа болса аталған әуерейсі екі ел арасындағы татулықты нығайта түсеріне сенім білдірді.
«Астана-Будапешт бағытының ашылуы Wizz Air компаниясы үшін айтулы оқиға деп есептеленеді өйткені бұл біздің әуекомпаниямыздың Қазақстандағы дебюті. Сондай-ақ бұл бағыт Қазақстанды Еуропа Одағымен бірінші лоу-кост әуеқатынас жолымен қамтамасыз етеді. Біз бағдарлы торабымыздың әрі қарай дамыуына, жаңа жұмыс орындарын қалыптастыруына және бизенсті дамытуға сенімдіміз. Біздің Астана-Будапешт әуеқатынас жолымыз екі елдің арасындағы туризм және бизнес жөніндегі қарым-қатынастарды ынталандырып шетелдік қонақтар үшін EXPO-2017 көрмесіне қатысуының жеңіл және қымбат емес тәсілін ашады. Біз Мажарстан және Қазақстан үкіметтеріне әуебағыттың жүзеге асуы барысында көрсеткен қолдаулары үшін алғысымызды айтамыз және құрметті жолаушыларды әуекемелеріміздің бортында тағатсыздана күтеміз» деді ол.
Айта кететін тағы бір жайт, «Wizz Air» Орталық және Шығыс Еуропадағы ең ірі лоу-кост әуе тасымалдауышысы болып табылады. Әуекомпанияның флотын Airbus A320 және A321 түрлі 79 ұшақ құрайды. Авиация саласындағы мамандандырылған жетекші басылымдардың бірі «Air Transport World» хабары бойынша Wizz Air 2016 жылдың «Ең үздік әуекомпаниясы» болып табылған.