Эбола індетімен күреске Билл Гейтс қоры $50 млн. бөледі

/uploads/thumbnail/20170708154201479_small.jpg

Билл және Мелинда Гейтстің қайырымдылық қоры Батыс Африкадағы Эбола індетімен күресу үшін $50 млн. бағыттайды. Бұл туралы ҚазАқпарат жазды.

«Соңғы 7-10 күнде кеселдің таралу көлемі мен жылдамдығы артуда», - деген қор даму бөлімінің президенті Крис Элиас. Қор өкілдерінің сөзіне қарағанда, барлық қаражат БҰҰ-на, Дүниежүзілік Денсаулық Сақтау Ұйымына (ДДСҰ), аурулардың алдын алу және бақылау бойынша американдық орталыққа және вируспен күресіп жатқан өзге де халықаралық ұйымдарға жолданады.

Эбола ауруы (EVD) немесе Эбола геморрагикалық лихорадкасы (EHF), эболавирус себепші болатын адамдар мен приматтардың ауруы. Аурудың алғашқы белгілері екі күннен үш аптаға дейінгі аралықта көрінеді. Бұлшықет пен бас ауруымен бірге жүретін қызба (лихорадка). Әдетте диарея, құсу басталып, бауыр мен бүйректері істен шығады. Осы уақытта науқастың ағзасында іштей және сыртта қан ағу басталады. Вирус жұқпалы жануар немесе науқас адамның сұйықтығы арқылы беріледі. Табиға ортада ауа арқылы таралу жағдайы тіркелмеген. Өсімдік жарқанаттары арқылы таралады, бірақ оларға аурудың вирустары әсер етпейді. Ауруды емдейтін арнайы ем әзірге жоқ. Әзірге науқас адамдарды емдеуде регидрацилялық терапия және ағзаға керекті қоректерді жүйе құю пайдаланылады. Аурудың қауіптілік деңгейі жоғары, науқастардың 50% мен 90% аралығында қайтыс болады. Ебола ауруы алғаш рет Судан (қазіргі Оңтүстік Судан) мен Конгода тіркелген.

 

Билл Гейтс — Форбс журналы бойынша әлемдегі екінші бай адам. Оның байлығының ең биік шыңы 120 млрд. долларға дейін жеткен еді. «Майкрософт» акцияларына биржалық бағалардың ауытқуына байланысты Гейтс санаулы секундтар ішінде миллиардтарын жоғалтып, оны қайта қалпына келтіре алды. Мемлекет «Майкрософтпен» соттасады, ал президенттер Гейтсті құрметпен қабылдайды. Алайда қазір ол ақша табудан гөрі, жоқшылықпен күреске ақшасын жұмсауға ерекше мән беруде. Гейтс өсиет хатына сәйкес оның үш баласының әрқайсы тек $10 млн. алады. Қалғаны оның кенже баласы қайырымдылық қорының еншісіне тиеді. Microsoft жүйелері әлемде пайдаланылатын компьютерлердің 93%-да орнатылған. Монополияға қарсы комитеттің талабы бойынша Президенттіктен бас тартқан Билл Гейтс қазіргі кезде компанияның басқарушыларының бірі және бағдарламалық қамсыздандыру өнімдерін дайындау бойынша бас инженер болып табылады. Сонымен қатар, ол компания акциялары бөлігінің үлкен үлесінің иесі. Бүгінгі таңда ол 61 миллиард доллардың иесі және Forbes тізімінде байлығы бойынша 2-ші орынды алады.(Қазақша Уикипедиядан)

Қамшы-ақпарат

Қатысты Мақалалар