РФ бас прокуратурасына Жіриновский мәлімдемесі жөнінде кезекті хат жолданды

/uploads/thumbnail/20170708154204995_small.jpg

Қазақстандық заңгер Асқар Қаймақов Ресейдің бас прокуратурасына өзінің ЛДПР фракциясының жетекшісі Владимир Жириновскийді атышулы мәлімдемелері үшін қылмыстық жауапкершілікке тарту туралы арызын бейжай қалдырмауды сұрап, хат жолдаған. Бұл туралы  Tengrinews.kz жазды.  2014 жылдың ақпанында Жириновский Қазақстанға қатысты бірнеше орынсыз мәлімдеме жасап, "Орта Азияда ешқандай республика болған жоқ. Ортаазиялық федералдық округ - басты қаласы Верный! Бүгінде оның басқа атауы бар, Алма-Ата - менің туған қалам. Ол атауды Өзбекстан, Қырғызстан, Тәжікстан, Түрікменстан және Қазақстан ойлап тапты. Ортаазиялық федералдық округ!" – деген болатын. Өткен айдың соңында да «қазақ даласын орыс әскері қорғады » деген еді.

Заңгер РФ бас прокуратурасына 2014 жылдың наурызында шағым жолдағанын еске салды. Онда Қаймақов Жириновскийді Ресей Қылмыстық кодексінің үш бабы бойынша жазалау керектігін атап көрсеткен: "Жеккөрінішті немесе дұшпандықты қоздыру және адамның ар-намысын қорлау", "Көпшілік алдында экстремистік қызметке үндеу" және "Көпшілік алдында басқыншылық соғысты туғызуға үндеу". Қаймақов мамыр айында РФ бас прокуратурасынан жауап алды. Онда заңгерге оның хаты тергеуалды тексеру жүргізу үшін Ресейдің Тергеу комитетіне жолданғаны жазылған. Қаймақов бұдан кейін ешқандай хат-хабар алмаған.Ресейдің бас прокуратурасына жазған келесі хатында заңгер қылмыстық іс жүргізу заңнамасының талаптарын бұзған РФ Тергеу комитетінің лауазымды тұлғаларына қатысты шара қолдануды және оларды қабылданған процессуалдық шешім туралы қаулының көшірмесін шағымданушының мекенжайына жіберуге міндеттеуді сұрайды Қамшы-ақпарат

Қатысты Мақалалар