Еуроодақ Ресейге қарсы жаңа санкцияларын жариялады

/uploads/thumbnail/20170708154208080_small.jpg

Еуропалық одақ Ресейге қарсы жаңа санкцияларын жария етті. Енді еуропалық компанияларға ресейлік әріптестеріне мұнай өндіру және барлау қызметін ұсынуға тыйым салынып отыр. Бұл туралы Tengrinews.kz жазды.

Еуроодақ сонымен бірге Ресейдің қорғаныс секторындағы тоғыз компанияға тауар жеткізуге тыйым салған. Олардың арасында "Калашников концерні" де бар. Сондай-ақ Ресейдің мемлекеттік банктерінен несие алуға шектеуді күшейтті. Ресейге қарсы санкцияларға "Роснефть", "Транснефть", "Газпром нефть", "Оборонпром", ОАК, "Уралвагонзавод" та ілігіп отыр. Ресейдің еуропалық инвесторларына 30 күннен артық мерзімге несие берілмейтін болады, несиені дәл осындай мерзімге жаңа құнды қағаздармен, акциялармен, басқа да қаржы құралдарымен сатып алуға тыйым салынады. Бұған дейін несиелер мен құнды қағаздарға қатысты шектеулер болмаған еді. 

Еуроодақтың жаңа тізімінде ДХР жетекшісі Александр Захарченко да бар, санкциялық тізімге Мемлекеттік дума депутаттары Светлана Журова, Николай Левичев, Игорь Лебедев, Иван Мельников, Александр Бабаковтар да енді.

Қамшы-ақпарат

 

Қатысты Мақалалар