Қызтекелерге мемлекеттік қызметші болуға тыйым салынуы мүмкін

/uploads/thumbnail/20170708154220966_small.jpg

Гейлердің құқықтарын шектеуге қатысты заң қабылдау – бұл дискринимация. Мұндай пікірді Алматы қаласында «Болашақ» қозғалысы мен ЛГБТ-қауымдастығы мүшелерінің бас қосуында ЛГБТ мүшесі айтқан. Bnews.kz бұл турады Алматы телеарнасына сілтеме жасап хабарлады.

«Өкінішке қарай, біз қазір ЛГТБ-шылардың өз ориентациясын жасырмайтын күнге жеттік. Мұндай адамдарды қала орталығындағы сауда орындарында немесе қоғамдық орындарда көптеп кездестіретін болдық – түрлі-түсті шалбар киген жастар өздерінің ориентациясын жасырмайтын болған», - деп ашынған «Болашақ» қозғалысы жетекшісі Дәурен Бабамұратов. Сонымен қатар, ол күй атасы Құрманғазы мен Пушкинді сүйістіріп қойған жарнама постеріне қатысты тұтанған дау-дамайға, былайғы жұрттың наразылық танытқанына ел билігінің назар салмағанына қынжылыс білдірді. Дәурен Бабамұратов қозғалыс мүшелерімен бірге «Қазақстанда ЛГТБ-ны насихаттауға тыйым салу туралы» заң қабылдауды талап ететін үндеу әзірлеген. Оның айтуынша  әлемнің ондаған елінде мұндай заң қабылданған. «Болашақ» мүшелері ЛГТБ-шыларды мемлекеттік қызметке алмауды және Қазақстан қарулы күштерінің қатарына шақырмауды талап етпек. Осы жиынға қатысқан «Ақ жол» партиясының өкілі әрі саясаттанушы Мақсат Жақалов сөз алып: «Біз оларды түсінуіміз керек, оларды қылмыскерлер қатарына жатқызбау қажет. Алайда, біздің қоғамымызда мұндай қатынас ашық көрсетілмеуі тиіс. Әр нәрсенің шегі барын біле жүргеніміз дұрыс. Бәлкім, заң қабылданбайтын шығар, десе де мұның бәрі дабыл қаққанымыз деп түсініңіздер», - деген.

Қамшы-ақпарат

Қатысты Мақалалар