... Біздің елде күнде - "1 мамыр"

/uploads/thumbnail/20170708154219018_small.jpg

Қызық... Кілең қазақтың ортасында бір орыс отырса - орысша, бір ағылшын отырса, ағылшынша сөйлеп жыртылып-айырылатын біз - дарақы қазақпыз ғой... Өйткені біздің елде күнде - "1 мамыр"!!! Бірақ ана тілін білмейтін бір мақау (кешіріңдер) қазақ әйеліне еріп, бар білетін орысшасын шашып отырған қазақтарға (басқа ұлт емес!!!) не жоқ??? Бастан-аяқ қазақша жасап жүрген атауы будан (шатыс) ана шоусымақ көшенің тілімен (көйлегің жынды екен деген сияқты) бос сөзге толып еді... Мынау - "Жұлдызды доданың" ("Хабар") "қос тіл - қос қанатың" саясатынан аса алмай, қойыртпақ тілде жүретіні қалай??? Неге осыны - ана тілін - қазақ тілін - мемлекеттің тілін жерде емес, көкте көтерген Жарылқап мырзадан басқа, айталық, сол эфирді жаулап алған әншілер көтермеске??? Жасынан орыс орманның ортасында білім алып, "Ұлы халықтың" қызына үйленіп, жасы біршамаға келген Тоқтар ағамыз (Әубәкіров) аз уақытта үйреніп алған қазақ тілін Баянға неге үйренбеске??? Өз ойым, қазақтар! Талап жесеңдер де, айтарым - осы...

Айгүл Болатханқызы

Қатысты Мақалалар