«Болашақтың» миссиясы - азғындық емес

/uploads/thumbnail/20170708154227942_small.jpg

     1993 жылы Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлының  бастамасымен құрылған «Болашақ» бағдарламасы  ғылымның сырына үңілген жастарға қолдау білдіріп, ел мүддесі үшін елеулі еңбек етіп келе жатқанына биыл 21 жыл толыпты. Елбасымыз  «Болашақ» бағдарламасын үлкен мақсатпен, үмітпен құрды. Ең алғашқы халықаралық стипендия иегерлері де атан арқасына артса белі майысатын жүк көтеріп кеткені анық. Сол кездегі талай жұртты тамсандырған түлектер ғасырлар қойнауында қан кешіп, өлместің әбілхаят суын ішіп өмір сүріп келе жатқан қазақ көшінің қазіргі тізгінін ұстап  жүр. «Болашақтың»  үмітін арқалап шетел асқандардың кейбірі мемлекет ақшасымен оқып алып, сырт елде жұмыс жасауға қалыпты, кей қаракөздер оқу қуып барып, «келін болып қалыпты» дейтін ішің қимайтын ақпараттар болса да, «Болашақ» қазақ үшін жасалған дұрыс шешім екенін әлдеқашан дәлелдеді.  

     Бірақ біз «Болашақпен» мақтануды біліп, сақтануды ұмытыппыз ... Келешектің өлшемі, елдің ертеңі деп бағалаған, таланттардан саралаған абройлы «Болашақтың» түлегі, өзіміздің  қаракөзіміз шетелден азғындықты үйреніп келеді деп кім ойлаған? Жақында Алматы  қаласында болған көгілдірлер шуы дейміз бе, сорақы жарнамасы дейміз бе бүкіл қазақ қоғамының төбе шашын тік тұрғызған жағдай жанымды ауыртты.  Біз былыққан батыстағы шайтани ойдың, жын ойнақ істің, азғындықтың  ақырындап қойдан қоңыр қазақ еліне де аяқ басып, кіріп келе жатқанына шарасыз екенбіз.  Ол былай тұрсын,  Ойламаған   жерден   қаракөз қазақтың қызы көгілдірлерді қорғайтындығын айтып, кеудесін кере шықты. Жай жүрген жеңілтек қыз емес, жонды журналист, Гумилев атындағы университеттің түлегі, «Болашақтың» үміті, магистрант Жанар Секербаева. Интернеттегі жеке парақшасындағы мәліметтерінен Жанардың көгілдірлерді жақтайтын адам екенін аңғару қиын емес, біржыныстылардың ерсі фотоларын  бөлісіп, үздікіз насихаттап келеді екен. Құрманғазы мен Пушкинді  сүйістіру де Жанар үшін осындай қарапайым оқиға болса керек. Өзі де қыз баланың салауатын сақтап жүргені  шамалы көрінеді, тұрысы  еркек, жүрісі ерек, жынысы әйел, әттеген-ай жері ұлты қазақ.

Қазақ  халқы қызын ибалы да ізетті етіп өсірген емес пе еді?! Жанар қатардағы біреу емес жоғары білімді адам, алайда ұлттық намыстан жұрдай. Осы жерден  «Біздің түлектер шетелден нені үйреніп келеді?» деген сұрақ туады. Мені толғандыратыны, шетелге кетіп қазақтың қазынасымен білім алып жатқан жастар қаншалықты қазақ тілін, қазақтың салт-дәстүрін меңгерген? Тіпті митингілерде көрініп қалған Жанардың қазақ үшін деген даңғой ұранынан  бір ауыз қазақ тілін естімедім. Шетелге қазақстаннан баратын түлектердің шартында сөзсіз түрде ағылшын тілін білуі міндеттеледі, ал, не үшін қазақ тілін, қазақ мәдениетін, қазақ тарихын сауатты білуін талап етпейміз.  Қазақтың тұрмысын, тілін түсінбеген біреу ертең қазақтың көсегесін көгерте ме?   Шетелдегі жастарға қазақ үкіметі қаншалықты ұлттық сананы сіңіруге жұмыс жасайды? Бұдан былай халықаралық стипендияны иелену үшін қазақ тілі мен салт-дәстүрі бір сынақ ретінде енгізсе қандай жақсы болар еді?! Мен барлық «Болашақпен» оқитын түлектерге топырақ шашқым келмейді. Жүрегі қазақ деп соқпаған жан қаншалықты білімді болып келгенмен, ертең алда-жалда ел басына күн туса тайқып кетері анық. Себебі жүрегінде тұрақ жоқ.

Аштық пен азаптың сан соқпағынан өткен, қынадай қырылып, мың өліп, мың тірілген қазақтың үміт артып, үкілеген  ұл-қыздары, Болашақтық  қадірлі аға-әпкелер! Шетелдің азғындығын емес озық үлгісін елге әкеліп, Қазақстанды гүлдендірсеңіздер екен!

Бірлесбек Саягүл, Әл-Фараби атындағы қазақ ұлттық университетінің студенті.

Қатысты Мақалалар