"ДИМАШ АҚСАҚАЛҒА ХАТ"

/uploads/thumbnail/20170708154232284_small.jpg

Нәпсісін тиып, құлыптап, Тастаса, Алла құлы ұтпақ... Димеке, биік рухыңмен, Халқыңды өттің, ұлықтап.

Жан едің, асыл, бек қылық, Әр сөзің елге екті үміт... "Балтырың қанап" жүрсе де, Жоғалтпай кеттің, тектілік.

"Шірітпей басын балықтың", Көтердің жүгін алыптың. Қаңтарда өзің туған күн, Болған жоқ тойы халықтың.

Жомарттық саған жайлы ұғым, Жетімге жетті, "шайлығың". Миллиардты жиып жатпадың, Миыңа сыйды, байлығың...

Ұлы едің, бірақ, қопал ең. "Бұзбады" сені "тоқ әлем", Сәбисіз ғұмыр кешсең де, Іздеген жоқсың "тоқал-ем".

Жезөкше ғұмыр сүрмедің, Айбат қып, елге үрмедің. Алаяқ жиып қасыңа, Алшыдан басып жүрмедің.

Кетсе де сайтан, жын үйіп, Киелі жерміз, шын, ұйық... Есепшіл, ерме, есті елге, Тұрсыз ба, көктен жымиып?!

Серік Аббас-Шах. (Facebook-тегі парақшасынан)

Астана. 12.01.2012 жыл.

Қатысты Мақалалар