Геннадий Головкин жылдың үздік боксшылары бестігінде

/uploads/thumbnail/20170708154254898_small.jpg

Америкалық Bleacher Report спорт сайты 2014 жылғы үздік боксшылар атағына үміткерлердің рейтингін жаңартты, бұл туралы ҚазАқпарат сайты жазған.

Bleacher Report нұсқасы бойынша Геннадий Головкин бұрынғыша алғашқы бестік құрамында.

Биылғы жылы орташа салмақтағы (30-0, 27 КО) WBA (Super) және IBO нұсқасы бойынша әлем чемпионы қазақстандық боксшы Геннадий Головкин ганалық Осуман Адаммен (1 ақпан, Монте-Карло, Монако) жекпе-жекте мерзімінен бұрын жеңіске жетті (жетінші және үшінші раундта) және  австралиялық Дэниэл Гилді жеңді(27 шілде, Нью-Йорк, АҚШ). Үшінші жекпе-жек Лос-Анджелесте 18 ақпанда WBC нұсқасы бойынша уақытша әлем чемпионы мексикалық Марко Антонио Рубиомен өтеді деп күтілуде.

Bleacher Report нұсқасы бойынша  «2014 жылғы боксшы» атағына үміткерлер тізімі:

  1. Пуэрторикалық Мигель Котто;
  2. Америкалық Флойд Мейвезер;
  3. Мексикалық  Сауль Альварес;
  4. Америкалық Теренс Кроуфорд;
  5. Қазақстандық Геннадий Головкин.

Қамшы-ақпарат

Қатысты Мақалалар