Ресей рублі тағы құнсызданды. Оның доллар мен евроға қатысты бағамы бүгін ең жоғары көрсеткішке жетіп отыр. 1 доллар қазір көрші елде 39 рубльден сатылуда. Оның үстіне валюта құны сағат сайын құбылуда. Nur.kz-тің жазуынша бұл туралы КТК арнасы хабарлаған. Мамандардың айтуынша қаржы нарығындағы бұл өзгерістер батыс елдерінің Ресейге қатысты салған санкцияларына тікелей байланысты болып отыр екен.
Себебі Брент маркалы мұнайдың құны түсіп кеткен. Салдарынан евро да 49 рубльге дейін қымбаттапты. Жалпы, Еуроодақ қабылдаған санкциялар Ресейдегі банк, газ-мұнай және бірқатар өндіріс салаларына кері әсер етуде. Жыл басында да рубль құлдырағанда, көпке ұзамай Қазақстанда да девальвация болған еді.
Қамшы-ақпарат