Экстремизм үшін азаматтығы мен атағына қарамастан жазаланады

/uploads/thumbnail/20170708154256781_small.jpg

Бас прокуратурадағылар экстремистік әрекетпен шұғылданушы кез келген адам Қазақстан заңы алдында жауап беретінін, тіпті Қазақстанға қатысты шетелдік саясаткер осындай іс жүргізсе де жазаланатынын мәлімдеді - деп хабарлайды Tengrinews.kz.

Жоғары палата комитетіне экстремизм  мен лаңкестікке қарсы іс-қимылға қатысты заң жобасын таныстырған Бас прокурордың орынбасары Андрей Кравченкоға: "Заң жобасында Қазақстанның егемендігіне, территориясына нұқсан келтіріп көпшілік алдында сөйлейтіндерге қатысты да пункт бар. Бұл Жириновский мырзаға және интернетте жүрген басқаларға да, саясаткерлерге де қатысты ма? Яғни, бұл біздің еліміздің егемендігіне күмән ұялатуға ұмтылушы іс-қимылдар. Бұл тізімге осы масштабтағы саясаткерлер іліне ме?" - деп сұрақ қойған Сенат депутаты Бірғаным Әйтімова. Оған жауап ретінде: "Бұл арада ол ұсақ кәсіпкер бола ма, әлде мұғалім немесе жоғары дәрежелі саясаткер бола ма, ешқандай айырмасы жоқ. Экстремистік іс-қимыл жасағандар, экстремизмге шақырушылар басқа елдің жоғары дәрежелі саясаткері бола ма, бәрібір, біз оларға Қазақстан заңнамасы қарастырған шараны қолданамыз. Заң алдында бәрі бірдей" - деді Кравченко.

"17-бапта Қазақстан Республикасына қарсы әрекет ететін, көпшілік алдында ел егемендігіне селкеу түсіріп, мәлімдеме жасайтын шетелдік немесе азаматтығы жоқ тұлғаларды Қазақстан Республикасына кіргізбеу туралы айтылады. Мен ондай саясаткерлерге өзінің жымысқы әрекетін жүзеге асыру үшін біздің елге келуінің қажеті жоқ деп ойлаймын, олар оны БАҚ арқылы жасай береді, сөйтіп ондай ақпарат әрбір шаңыраққа, әрбір отбасына жетіп жатады" - деді Адырбековте өз кезегінде.  Ол ұсынылған өзгерістер ішінде тағы бір бап барын баса айтты. Онда экстремизмді БАҚ арқылы таратуға соттың шешімімен тыйым салынады, ондай бұқаралық ақпарат құралының қызметі доғарылады делінген. "Неге  еліміздің бүтіндігіне, егемендігіне нұқсан келтіретін сол саясаткерлердің сөзін таратушы БАҚ-тарға қарсы шара қолданылмайды?" - деп сұрақ қойды Адырбеков. "Ең алдымен, Үкімет, құқыққорғау органдары мұндай тұлғаларға Қазақстан атынан ресми мәлімдемесі үшін наразылық білдіреді. Олар шетелде тұрады. Шетелдің азаматы болғандықтан, ҚР құқыққорғау органдарының құрығына ілінбейді, бірақ БАҚ арқылы мәлімдемелері шынымен де тез тарайды. Алайда елімізде жұмыс істеп жатқан ресейлік телеарналардың тең жартысы мемлекеттік құзырлы органдарда тіркелмеген. Сондықтан есепке алынбаған шетелдік телеарналардың хабар таратуын осыған байланысты тоқтатуға әбден болады" - деді Кравченко.

Қамшы-ақпарат

Қатысты Мақалалар