Өнер өрені

/uploads/thumbnail/20170710030041611_small.jpg

Мойындатқан миллиардты дарасың,

Мойымағын, шымырлансын қанатың,

Өнер атты биік талант шыңында,

Жарқырайсың, жұлдыздайын жанасың.

 

Алтын бала, Димаш жаным, қарағым,

Биіктерді мойындаттың, жарадың,

Қазағыңның атын көкке шығарып,

Дауысыңмен дара жолды қаладың.

 

Мақтанамыз сеніменен қашан да,

Саған берер бөлек менің батам да.

Әлі талай сындар күтіп тұр сені,

Шығара бер атағыңды жаһанға!

 

М.Алдабергенова

Қатысты Мақалалар