Арыстанбек Мұхамедиұлы Үкімет отырысында елді күлкіге қарық қылды

/uploads/thumbnail/20170710030054439_small.jpg

ҚР Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы қазақстандықтардың жылдың салқын мезгілдерінде де зообақтар мен ботаника бағына баратындай жасайтынына уәде берді деп хабарлайды Қамшы АА informburo.kz-ке сілтеме жасап.

Министр Үкімет отырысында ведомство діттеген мақсатына неліктен жете алмағанын түсіндіріп берді.

«Туризм саласында ең ыңғайлы мезгіл – жаз бен күз. Жылдың соңында барлық көрсеткішке ие боламыз. Театр, музей, ботаникалық бақ және т.б. демалыс орындарына бару көрсеткіші бойынша төмен болып тұр. Себебі қаңтар, ақпан, наурыз айларында аттракциондарға бара алмаймыз. Өте суық. Оның ішінде зообақтар, ботаникалық баққа қаңтар айында бару қиынға соғады» деді Арыстанбек Мұхамедиұлы.

«Жазда ыстық, қыста суық. Енді не істейміз?» деп Үкімет басшысы министрдің сөзін бөлді.

«Біз әрине қыста зообақтарға, ботаникалық баққа баруға тырысамыз. Алайда өте қиын» деп жауап берді министр.

Арыстанбек Мұхамедиұлының мұндай ақталуын естіген залда отырғандар күлкісін тыя алмады. Үкімет басшысы да езу тартты.

«Күлеміз. Алайда жұмыс істеу керек. Құрметті министрлер, 24 индикатор бойынша 9-ы діттеген межесіне жетпеді. Біз мұндай көрсеткішті алғаш қабылдап отырмыз және ұзақ уақытқа дейін оны қабылдай алмаймыз.   Жұмыс істеңдер. Нәтиже көрсетіңдер!» деп министрлер кабинетіне ескерту жасады Бақытжан Сағынтаев.

Онымен қоса, барлық мақсатты индикаторға қол жеткізген жағдайда Қазақстан экономикасы 0,55% жоғарылауы мүмкін екенін айтты.

Мақсатты көрсеткішке тек Мәдениет министрлігі ғана емес басқа да ведомстволар жетпеген. Қазақстанның премьер-министрі министрлер кабинетін сынға алды. 

Қатысты Мақалалар