АҚШ Қазақстанның ДСҰ-ға кіруін қолдайды

/uploads/thumbnail/20170708154418406_small.jpeg

АҚШ  Қазақстанның Дүниежүзілік сауда ұйымына кіруін қолдайды. Бұлай деп дүйсенбі күні Нью-Йорктегі Қазақстанның Сыртқы істер министрі Ерлан Ыдырысовпен кездесу қорытындысы бойынша АҚШ мемлекеттік хатшысы Джон Керри мәлімдеген. Кездесу БҰҰ Бас ассамблеясы алаңында өтті.

Сондай-ақ, ҚазАқпараттың жазуынша Джон Керри АҚШ-тың  "Қазақстанның  егемендігін, аумақтық тұтастығы мен әлемдік аренада өсіп келе жатқан көшбасшылық рөлін " қолдайтынын да айтқан.

Естеріңізде болса, бірнеше ай бұрын Президент Назарбаев Қазақстанның ДСҰ-ға кіру дайындықтары аяқталуға жақын екенін, биыл жыл соңына дейін ұйымға мүше болуымыз мүмкін екенін айытқан болатын.

Қамшы-ақпарат

Қатысты Мақалалар