Миро Джудт алты жыл бойы өзіне, өзінің сыртқы келбеті мен дұрыс тамақтануға мүлдем көңіл бөлмеген. Осының салдарынын сүйіктісі оны тастап кеткен. Қарым-қатынас барысында Миро ондаған килограм жинап, тек фаст-фудпен тамақтанып, газдалған сусын ішіп 138 кг-ға дейін салмақ қосқан. Бұл туралы Қамшы АА life.ru-ға сілтеме жасап хабарлайды.
Сүйіктісімен айырылысқан соң, қатты қиналған ол өзінің негативті эмоциясын энергияға, күшке жұмсай білді. Өмірлік тәжірибе оған салауатты өмір салтын ұстану керектігін үйретіп, өз-өзіңді сүйіп үйренбесең сені ешкім сүймейтінін түсіндірген. Өзіңді қаз қалпыңда "жалқау, ұсқынсыз" қалпыңда ешкім қабылдамайтынын түсінген ол, өз-өзін кқолға алған.
Арада біраз уақыт өткен соң диетаға отырып, фаст-фудтан бас тартып, өз-өзін шынықтыруға кіріседі. Жаттығулар жасап, күнделікті дайындалады.
Бүгін ол өзіне сенімді, салауатты өмірді ұстанатын, денсаулығына көңіл бөлетін, еңбекқор жігітке айналған. 40 кг-ды артқа тастап, жаңа сүйіктісімен де бақытты. Оның айтуынша, мақсатқа жету жолында ең бастысы- шыдамдылық пен төзімділік.
Пікір қалдыру