Әзімбай Ғали: Біз қалай адастық?

/uploads/thumbnail/20170710030922665_small.jpg

Қазақ көптеген мен білетін халықтардан сауатты. Көптеген қазақ орысша да, қазақша да, яғни екі тілде тәп-тәуір жазып, оқып, түсіндіріп бере алады. Қазақтың төрттен бірі жоғары білімі бар десе де болады. Мен білім сапасын әңгіме қылып отырғаным жоқ. Университет профессорының дәрісін тыңдамаған қазақ интеллигенті жоқ. Қазақтың элитасы мен истеблишментінің ұғынықты ағылшыншасы тағы бар. Олай болса да, біз адастық па? Иә, солай, онда қалай адастық? Оқу ісіндегі жағдай.

Қазақ мектебі соңғы уақытқа дейін өсіп келе жатты. Орыс мектептері мен кластары тек ауылдарда ғана емес, қалаларда да қысқара бастаған. Өткен кезеңде қазақ мектептері мен қазақ кластарының білімі бәсекеге жарайтын болды. Айталық, орыс мектебін бітірген балалар қазақша білмей мемлекеттік құжат ісін жүргізуге жарамай қалды, ал қазақ баласы орысша-қазақша коммуникацияға жарады. Сондықтан қазақ ата-аналары қазақ мектебіне баласын берді. Сонымен бірге университеттік жүйе білімі сәтті түрде дамыды. Бұл жағдай Ресей саяси элитасын қатты қапыландырды. 21 ғасырда «жұмсақ күш» қоғамға, мемлекетке зор әсерін тигізетін болады. Ресей өздерінің ықпал агенттері арқылы Қазақстанның одан ары қазақтанғанын қаламады. Мәселенки , қазақ баласының 91% төл мектебін таңдаған. Сонымен «жұмсақ күш» тіл мен ұлттық сана қазақтың өз қолына түсетін болды. Орыс пропагандасы, орыс теледидары өз пәрменінен айырыла бастады. Әрине, Кремль саясаткерлері өзінің боданы санайтын қазақ ұлтын ұлттық дербестік бағытына жібергісі жоқ еді. Олардың білуінше, Евразиялық Одақ пен ОДКБ одағына сәйкес Қазақстан тіл саясаты Ресейден оқшауланбауы шарт еді. Сондықтан Ресей аналитиктері Қазақстанның бодандығының кепілдігі ретінде оқу ісінің орыс тіліне тәуелді қылғысы келді. Осы мақсаттың жүзеге асырылуы ретінде Оқу министрі Сәрінжіпов кезінде үш тұғырлы тілде оқыту жүйесі прототипі басталған. Сондықтан Сағадиев «үш тұғырлы тілді» өзі ойлап шығарған жоқ еді. Сәрінжіпов кезінде басталған реформа Сағадиев кезінде басты бағытқа айналды. Бұл жаңалық қазақ мектебін орыс мектебінің бір түріне айналдыру мақсатын қойған еді. Бұндай батыл түрде қазақ мектебін орыстандыру бұрын-соңды жүрмеген екен. Оған қоса латын графикасына өту қазақтың мемлекеттік тіліне тағы бір соққы болмақ. Мемлекеттік жазба тілі бүгінгі күнде қазақиланған кириллицаға негізделген. Бара келе жазба қазақ тілі латиницаға өтуіне байланысты мемлекеттік тіл белгілі мерзімде (айталық 7 жылға) іске жарамсыз болады. Сол сияқты қазақ әдебиеті , қазақ газет-жорнал , кітап баспасөзі, мемлекеттік тілде құжат жүргізу қиындыққа ұшырайды. Латын графикасымен шыққан баспасөз дүниелері пәлендей оқылмайды. Кириллицадан да оқу азаяды, қазақтың бір бөлігі тек латиницада оқиды делік. Сонымен үш тұғырлы тіл , латиницаға өту тек біздің халықтың бірінші адасуы. Бас қатырғанша орысшасын берші маған сол ұғынықты дейтіндер көбейер. Сонымен басты зауал: қазақша оқу азаяды – басты зауал осында.

 Екінші адасу нарықтық экономикалық және әлеуметтік реформаларды 2000-2010-шы жылдары тоқтату және жоққа шығаруда болды. Жинақ пенсиялық қорларды және денсаулық сақтау қорларын жинақтау ісін мемлекет ұқсата алмады да пышыратты, ұрлатты. Экономикалық салада диверсификация жасалмады: өндірістік бағытта тек мұнай, уран, бидай , құрылыс, жол салу ғана қолданылды. Бұл біздің екінші адасуымыз болатын. Бұл адасу жерге фермерлік  жеке меншік иелігі мемлекет тарапынан қолданылмауына, есесіне ірі жер латифундистер күшейді, ал қазақ шаруалары қолында аз жер қалғаны және жерсіз қалғанын көрсетеді. Экономикада монополизм басым, конкуренция мен бәсеке ойдағыдай болмағанын көрсетеді.

Біздің үшінші адасуымыз – саяси және құқықтық реформалардың да тоқтап, аяқталуы. Жергілікті жерлерде Мәслихат жергілікті әкім мен оның қызметкелерін қадағалау керек еді. Тиісті жағдайда әкімнің өзін немесе әкімшілік қызметкерін қызметтен шеттетуі мүмкін болатын. Жергілікті жерде өзін-өзі басқару жүйесі жүрмеді. Бірақ бұл іс әлі басталған жоқ. Сонымен біз бір емес, бірқатар адасушылыққа ұшырадық. Латифунизм мен монополизмнің қосындысы АЗИЯЛЫҚ ӨНДІРІС әдісін тудырды. Экономикалық монополизм дендеп саяси конкуренцияға жол берілмеді. Ендігі жағдайда қазақтың элитасы адасудан елімізді даңғыл жолға шығаруы мүмкін. Сол іске сәт берсін.

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар