«Дала мен Қала» газетінің интернет бетінде төмендегідей шулы материал жарық көрді. Материалға қосымша аудиожазбада әлдебір ашулы адам өзімен диалог құрушыны жер-жебіріне жетіп янаттап, жерден алып, жерге салған. «1 желтоқсаннан Арленді, 31 желтоқсаннан Қапаровты жұмыстан қуамын» деп қоқан-лоққы көрсеткен. Дереккөздің өзі анықтауынша дауыс иесінің жеке басы – Алматы облысы Ұйғыр ауданының әкімі Алимжан Имтахунұлы Тохтасунов болса керек.
Бұған дейін де бірнеше мәрте қоластындағы қызметкерлерді «жұмыстан қуамын» деп, аузына келгенін айтқан әкім бұл жолы да аянып қалмапты. Ал мына аудиожазбада өзінің орынбасарларының бірін балағаттап, жерден алып, жерге салыпты. Әкімшілік қызметкерлері бұдан бұрын оның дөрекі, оспадар қылықтарын айтып тиісті мекемелерге шағымданғанмен, еш нәтиже шықпады деп отыр.
Бұл мемлекеттік қызметкердің этикасына сай іс-әрекет пе? Облыс әкімі Амандық Баталов мырза бұл жағдайды өз қаперіне алар деп үміттенеміз.
Пікір қалдыру