Жалмауыз кемпірдің киімінде немересін қорқытқан әжесін өмір бойына бас бостандығынан айырды

/uploads/thumbnail/20170710031030229_small.jpg

51 жастағы Оклахома тұрғыны Женева Робинсонды жалмауыз кемпірдің киімін киіп, немересін қорқытқаны үшін өмірлік бас бостандығынан айырды. Ал оның азаматтық некедегі күйеуі Джошуа Грейнджерді балаларға қатігездік көрсеткені үшін 30 жылға соттады деп хабарлайды Қамшы АА Associated Press агенттігіне сілтеме жасап.

Женева Робинсон жалмауыз кемпірдің киімін киіп, 7 жастағы немересін үнемі қорқытып жүрген. Ол ұйықтап жатқанда оны ұрып, тырнап, шашын қиған.

Женева немересін ауруханаға алып келген. Бала барлығын дәрігерлерге айтып бергеннен кейін оны бірден қамауға алған. Бала тамақ ішпегеннен қатты әлсіреген. Сонымен қатар, оның денесінен көптеген жараларды көрген. Ал желкесінде тыртық болған.

Үйді тінту барысында 7 жасар баланың айтқанын дәлелдейтін айғақтар табылған.

«Жалмауыз кемпір» әжесі күйеуімен немересінен бөлек 3 баланы тәрбиелеген.

 

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар