Мадуро: АҚШ Венесуэлада төңкеріс жасауға дайындалып жүр

/uploads/thumbnail/20170710031529882_small.jpg

Венесуэла президенті Николас Мадуро АҚШ-ты мемлекеттік төңкеріс жасауға дайындалып жүр деп айыптады деп хабарлайды Қамшы АА euronews.com-ға сілтеме жасап. Венесуэла соңғы кездері саяси және экономикалық дағдарыстың алдында тұр. Елде жаппай қарсылық акциясы жүріп жатыр. Сейсенбі күні Мадуро қарулы күш пен полицейлерге жаңа митингілерге дайын болуға тапсырма берді.

«Мемлекеттік департамент (АҚШ) 18-ші сәуірдегі мәлімдемеде Венесуэлада мемлекеттік төңкерісті жария етті. Әлемдегі тәртіп пен Вашингтон мен парламент спикері Хулио Борхес үгіттеп жатқан мемлекеттік төңкерісті  болдырмау үшін шұғыл түрде «Самора» жоспарының алғашқы фазасын бастау керек. Мен құжатқа қол қоямын. Сондықтан ол қазірден бастап өз күшіне енеді» деді Мадуро.

Венесуэланың Ұлттық ассамблеясы наурыз айының ортасында елдегі гуманитарлы дағарыстың алдында тұрғанын мойындаған. Ірі оппозициялық партияның көшбасшысы Хулио Борхес оған ел билігін кінәлады.

Экономикалық дағдарыс Венесуэланың ірі қалаларында халықтың қарсылық акциясына шығуына алып келді. Ол әдетте полициямен текетіреске және қамауға алумен аяқталады. Тек сәуір айының басында 540 белсенді ұсталған.

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар