15 жылға жуық көрерменнің көзайымына айналған, түріктің феномен телехикаясы жалғасын табады деп хабарлайды Қамшы АА
Аңызға айналған «Көкжалдар мекені» былтырғы жылы «Көкжалдар мекені Тұзақ» нұсқасын 300 бөліммен аяқтағаннан кейін көрерменге жалғасын жаңа маусымда көп күттірген еді. 2016 жылдың жазында Түркияда төңкеріс болған соң «Көкжалдар мекені Төңкеріс» атты жаңа фильм түсірілетіні хабарланған. Кейіннен «Көкжалдар мекені» хикаясының меншік иесі Pana Film өзін «түрік билігіне қарсы» етіп көрсеткісі келген бірнеше қаралаушылармен соттасып, жеңіп шыққан.
Pana Film-нің хабарын тұрақты жариялайтын yazete.com сайты «Көкжалдар мекені Отан» фильмі түсірілетінін хабарлады. Полат Алемдардың рөлін сомдаушы әрі Pana Film-компаниясының басшысы Неджати Шашмаз көрермендерін таңғалдыруға дайындалып жатыр.
Айта кетсек, Полат Алемдардың бұған дейін «Көкжалдар мекені Палестин», «Көкжалдар мекені Ирак» атты фильмдері Түркияда айтарлықтай саяси аңыс туғызған. Ал, «Көкжалдар мекені Террор» атты түрік-күрт мәселесін көрсетуге бағытталған телехикая тек бір бөлімі көрсетілгеннен кейін Түркияның Радио-телевизия жоғарғы комитеті (RTÜK) тарапынан тыйым салынған еді. Сондай-ақ, бұған дейін хабарланған «Көкжалдар мекені Кипр» фильмі де әлі көрерменімен қауышқан жоқ.