Қандастарға қолайлы заңды жасауға Нұртай Салихұлы құлшынып отыр

/uploads/thumbnail/20170708154454212_small.jpg

Ақын Ауыт Мұқибек өзінің Facebook-тегі парақшасында төмендегідей жазба жариялады:

«Бүгін Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты Нұртай Сабильянов мырзаның қабылдауында болдым. Өткендегі кездесеміз дескен уәденің сәті бүгін әрең түсті.  Нұртай Салихұлымен де қазіргі күнде Үкіметтің атың өшкір №111 Қаулысының кесірінен тұрақты тіркеуге тұра алмай, тентіреп қалған қандастар жағдайынан бастап, алдағы толықтыру мен өзгерістер енгізіліп, қайта қабылданатын Көші-қон заңы туралы біраз сөйлестім. Әдеттегідей, "түсіндіру" жұмысын істедім, атап айтқанда, Қытайдың көші-қон заңын, Қытай азаматтарының шетелдерге шығу тәртібін, азаматтықтан шығу белгілемесін қағазға жазып апарып бердім. Аты шулы "ЕКІ АНЫҚТАМАНЫ"("Шетел азаматтығынан шығып кел", "қылмысқа тартылмаған" деген), Сол екі анықтаманың кесірінен шетел Елшіліктерінен келісім алатын (қызыл "СПРАВКА") барысты қысқартуға ықпал етуін өтіндім.

Шекараға жақын ауылдың баласы ғой, Нұртай Салихұлы алыстан келген ағайынның жағдайын жақсы түсінеді. Олардың оралуына құшағы ашық санаулы депутаттардың алдыңғы легінде жүрген азамат! Кейде қолбайлау болып, адымын аштырмайтын жағдайлардың да барын біз жақсы білеміз. Ол үшін бұл кісілерді кіналамаймыз да...

Қысқасы бұл Нұрекең де қандастарына қолайлы, Елбасыға сөз келтірмейтін кемелді Заң жобасын қабылдауға құлшынып отыр. Іске сәт дейік, ағайын!»

Auyt Mukibek

Ауыт Мұқибек оралмандар мәселесін жиі-жиі көтеріп келеді. Оның Президентке, Президент Әкімшілігіне,  Үкіметке, Парламентке бағытталған хаттары туралы бұған дейін де жазған болатынбыз.  Қандастарымыздың жанайқайын билікке жеткізіп жүрген  Ақынның ісіне қолдау білдіріп, халыққа қолайлы заңның қабылдануына біз де  «Іске сәт» айтамыз. Нұртай Сабильянов мырзаға  депутаттар үлкен қолдау білдіреді деп үміт артамыз.

Қатысты Мақалалар