Алматыда автобус кондукторы мүгедек адамға қатыгездік танытты

/uploads/thumbnail/20170710032321717_small.jpg

Алматыда  автобус кондукторы егде жастағы балдақ сүйенген  мүгедек жанды автобустан сүйреп далаға шығарып жіберді.

Видеодан кондуктор әйелдің мүгедек адамды жұлқылап шығарып, итеріп тастағаны анық көрінеді.

Видео инстаграм желісінде ztb_video тобына жарияланды. Ztb_video тобының жариялауы бойынша оқиға №34  автобуста орын алған.  Желі қолданушылары қоғамдық көлік кондукторын жазалау керек,  ешкімнің мүгедек жандарға қатыгездік жасауға құқығы жоқ екенін айтуда.

Қатысты Мақалалар