Барак Обаманың қызын аңдыған ер адам ұсталды

/uploads/thumbnail/20170710032327795_small.jpg

АҚШ-тың экс-президенті Барак Обаманың қызын аңдып жүрген ер адам ұсталған. Бұл туралы Қамшы АА      The New York Daily News-ке сілтеме жасап хабарлайды.

Обаманың қызы Малияны ұзақ уақыттан бері аңдып, ізіне түскен ер адам қыздың мазасын алған. Сәуірдің 10-күні ер адам қыз орналасқан ғимарат ішіне кіріп, оған тұрмысқа шығуға ұсыныс жасап айқайлаған. Полиция қызеткерлері оны ұстап сыртқа шығарып жіберген. Екі күн өткен соң әлгі ер адам қайтадан Малияның ізіне түскен.

Қазіргі уақытта Құпия қызмет органдарымен бұл ер адамның осыған дейін бірнеше рет Ақ үйге кірмек болғаны анықталған. Тергеу барысында ер адамның психологиялық ауытқулары бар екені болжалған. Ендігі уақытта осыны анықтау мақсатында  дәрігерлік сараптама жүргізілуде. 

Қатысты Мақалалар