Адамзатқа пайдасын тигізіп жүрген жануарлар (ФОТО)

/uploads/thumbnail/20170710032932926_small.jpg

Әлемде түрлі қызық бар. Мәселен, ғаламның әртүрлі бөлігінде құқық қорғау органдарында жан-жануарлар, тіпті, құстар қызмет етеді. Қамшы АА ерекше тәртіп сақшыларын назарлаңызға ұсынады.

Ит

Адам қолына ең бірінші үйренген ит болатын. Ерте заманнан бері ол адамның адал досы. Ал 1816 жылдың 8 сәуірінде бультерьер тұқымды ит Шотландияда вискиді заңсыз сататын адамды ұстап берген. Осы кезден бастап олар құқық қорғау органдарына жұмысқа алынған.

Қазір иттер шекарада, полицияда қызмет жасайды. Сонымен қатар, Ұлыбританияның Керкбри қаласында колли тұқымды ит әкімшілік жұмыстарына көмек беріп, кеңседе құжаттарды реттестіреді.

Жылқы

Әлемнің көптеген мемлекетерінде атты әскер бар. Олардың төзімділігі, жүйріктігі арқасында кейбір көлік жүре бермейтін жерлерде тәртіп сақшылары осы аттардың көмегіне сүйенеді. Алғаш атты әскер ағылшындарда пайда болған. Англияда атты әскерге, оның ішінде жылқыларға аса үлкен құрметпен қарайды. Олар туралы әртүрлі фильмдер мен сериалдар түсірілген.

Біздің елімізде шекара аймақтарда оның ішінде Каспий жағалауында атты әскерлер бар. Астана қаласында да қоғамдық тәртіпті қадағалаушылардың атпен жүргендігін көруге болады.

Қаз

Қытайдың Синьцзян провинциасында үй құсы саналатын қаздарды аймақтағы қылмыстық істермен күрес кезінде пайдаланады. Құқық қорғау органдарының айтуынша: «Қаздар өте агресивті, көздері жақсы көреді. Олардың дауыстары да аса қатты. Негізінде иттерге қарағанда тиімді».

Бұл тыныштық сақтаудағы қаздарды алғашқы рет қолдану емес. Б.з.д. 390 жылы Римге галлдардың басып кіреуіне осы қаздардың ащы дауысы мен агресивтілігі кедергі болған деседі. Және 1986 жылы американдық әскерилер өздерінің батыс Германиядағы әскери обьектерін қорғау үшін 900 қазды қолданған.

Көртышқан

Голландия мен Уганданың полициясында іздеуші иттердің орнына көртышқандарды жұмысқа алған.  Оның бірінші себебі иттерге кететін шығындар көбейіп кеткен. Ал тышқандардың талабы иттердікіндей жоғары емес. Екіншіден, оларды алып жүру де аса қолайлы.

Көртышқандар негізінде жерастындағы миналарды табу үшін қолданады. Олардың салмағы жеңіл болғандықтан мина үстінде тұрған күннің өзінде жарылыс болмайды.

Кесірке

2017 жылы АҚШ-та Аризона штатындағы Эйвондейл қаласының департаментінде полицей офицері етіп кесіртке сайланды. Айро лақапты кесіртке полицей белгісін алып, әскери ант қабылдаған. «Зерттеулерде белгілі болғандай, кесірткелердің қауіпті заттарды сезіп, табуға ерекше икемі бар екені анықталған», - дейді өз сөздерінде АҚШ құқық қорғау органдарының қызметкерлері.

Қатысты Мақалалар