Гомосексуализм насихатына тыйым салатын заң керек

/uploads/thumbnail/20170708154502689_small.jpg

Әнші Сәкен Майғазиев өзінің Facebook-тегі парақшасында былай деп жазба жариялады:

«СҮЙІНШІ..емес, бірақ ЖАҚСЫ жаңалық! Қолды қозадай қыздырған Құрманғазы - Пушкин сүйісінен өнім жасаған жарнама агенттігіне қатысты Алматыдағы сот аяқталды. Шүкір етеріміз, көпке созбады. Қынжыларымыз, тек "Жарнама туралы" Заң бойынша әрекет етті. Түйіні - прокурор жарнама агенттігіне 120 АЕК, ал басшысы Дария Хамитжановаға 80 АЕК айыппұл салуды сұрады. Бірақ, сот жарнама агенттігіне 100 АЕК, ал басшысына 70 АЕК айыппұл салды. Бұл да болсын жеңіс! Осы істі аяғына дейін жеткізген Руслан Желдібай, Бақытжан Бұхарбай, Нұркен Халықберген, Жақып Федоров секілді достарыма алғыс айтамын! 

Оның үстіне бүгін Парламент Мәжілісі депутаты Бақытбек Смағұл ағамыз Үкіметке сауал жолдауы тиіс. Жолдайтынына да сенемін! Гомосексуализмді насихаттауға тиым салатын заң керек!»

Естеріңізде болса тамыз айында Алматы көшелерінің бірінде ілінген ұлтты қорлаған жарнама жұрттың наразылығын тудырған еді. Бір топ белсенді журналистермен қатар Өктем Алтаев, Сәкен Майғазиев, Мақсат Рахмет, Асылхан Төлепов, Артур Төлепов, Ерлан Алимов сияқты әншілер жарнама жасаушы Havas Worldwide Kazakhstan компаниясы алдына жиналып азаматтық пікірлерін білдірген болатын.

Әнші Сәкен Майғазиев көп арасынан суырылып шығып, жұртты бұндай келеңсіз нәрселерге қарсы болуға үндеген еді. Сондай-ақ: «Бұндай оңбағандар дұрыс жолмен, заңға бағынып жарнамасын жоқ етпесе, бізді тыңдайтын ер жүректі азаматтардың «қылмысқа баруына» тура келеді» деген болатын.

Қоғамның дүрлігуінен именіп, жарнама алынып тасталса да, бұндай бассыздық оқиғалардың енді қайталанбайтынына еш кепілдік жоқ. Себебі бұл типтегі өрескел істердің ел ішінде насихатталуына заң аясында кедергі жоқ. Тіпті, Жанар Секераева сияқты азаматшалар біржынысты қатынас ісін ақтап, ондай әрекетпен айналысатындарға қолдау көрсету керек деп шыр-пыр болып жүр. Үкімет Бақытбек Смағұл ұсынатын заңды тиісінше пәрмен бере қарайды әрі тездетіп қабылдайды деп сенеміз. Сонымен қатар әшкере және жасырын жүріп жатқан Гомосексуализм жарнамаларына, жарнамалаушылар мен жарнама берушілерге қатаң тыйым салады деп үміт артамыз.

Қатысты Мақалалар