Алматыда 20 сәуір күні таңғы сағат төртте адамды өз көлігінен күшпен түсіріп, ұрлап әкеткен, деп хабарлайды Қамшы ақпараттық агенттігі.
Алатау ауданында 1987 жылғы кәсіпкер Алиев Самирді ұрлап әкеткен. Туыстарының айтуынша ол жұмыстан Mercedes-Benz G-класты көлігімен қайтып келе жатқан. Куәгердің сөздеріне сүйенсек, қызыл Subaru Outback пен ақ түсті ВАЗ 2114 көліктері Mercedes көлігінің кес-кестеп, Самирді күшпен көлігінен түсіріп әкеткен.
Жоғалған жігіттің ағасы: «Ол жолда әкеме хабарласып, қақпаны ашсын деп айтқан. Бірақ үйге жетпеген. Әкем уайымдаған соң, кафеге хабарласып, көлік жүргізушісінің нөмірін алып, соған хабарласып, жағдайды білген», - дейді Zakon.kz агенттігіне берген сұхбатында.
Самир Алиевтің туыстары халыққа осы жағдай туралы көрген, білгендері болса, хабарлауын өтінуде.
Алматы қаласының ІІД бұл жағдай туралы мәлімдеме жасады. «Бүгін Алатау ауданында азамат Самир Алиевтің жоғалуы фактісі бойынша іс қозғалды. Іздестіру жұмыстары басталды».