РЕСЕЙ ҚАЛАМАСА ДА ҚАЗАҚСТАННЫҢ ЛАТЫН ГРАФИКАСЫНА ӨТУІНЕ КӨНЕДІ

/uploads/thumbnail/20170710032959551_small.jpg

Н.Назарбаевтың қазақ тілін латын графикасына көшіру туралы бастамасына байланысты  ресейлік БАҚ өкілдері де осы мәселеге қатысты өз пікірлерін білдіруден жасқанып қалған жоқ. Осы орайда Қамшы ақпарат агенттігі ресейдің бірқатар порталдары жариялаған латын графикасына байланысты мамандардың пікірлеріне шолуды ұсынады.

 «Қазақ елінің латын қарпіне көшудегі басты мақсаты- басқа да посткеңестік Әзірбайжан, Өзбекстан  республикалары секілді бұрыңғы метрополия- Ресейден барлық мағынада  алыстау»-деп жазады  riafan.ru.

Ресейдегі оппозициялық басылымдардың жазуынша, латынға көшу - Мәскеудің халықаралық аренадағы агрессивтілігіне қарсы алдын-ала қорғану әрекеті. Мамандардың пікірінше, бұрыңғы советтік Шығыс елдері Түркияға қарай ойысуда.

Қазақстанның Түркияға қарай жақындауы заңды құбылыс болғанмен, Ресеймен арадығы байланыстың үзілу идеясына тосқауыл болатын, қарсылық танытатын қарсыластар да бар.

«Фергана.ру» порталының бас редакторы, журналист, филолог  Даниил Кислов қазақ латындандырушыларын «өзбектердің қателігін» жібермеуге шақырады.

Өзбекстандағы 1993 жылы басталған латындандыру процесі өз мәресіне жетпей, тіпті бұл поцессті енгізу екі рет қолға алынып, бәрібір де тиісті нәтиже бере алмаған.

2017 жылғы жағдайда Өзбекстанда тек білім жүйесі мен іс қағаздар жүргізу ғана латын тілінде жүргізіледі, ал газет, журнал, кітаптар әлі күнге дейін кириллицада шығады. Барлық БАҚ кириллицада хабар таратып, тіпті жарнаманың өзі де латындана алмаған.

Латын тілінде білім алатын жастар кеңестік кезеңде шыққан ұлттық әдебиетті оқи алмайды және түсінбейді.  Ал латынды енді ғана  үйреніп жүрген екінші буын халық іс жүргізуде, үкімет органдарының жұмыстарын жүргізуде үлкен қиындықтарға кезігеді екен.

Қазақстан мен Қырғызстанда тұратын этникалық өзбектер өздерінің Өзбекстандағы бауырластарының тілдерін түсінбейді.

Кисловтың пікірінше, мұндай жағдай Қазақстанды да күтіп тұр.

«Қазақстандағы латындандыру – орыс тіліне де, Қазақстан мен Ресей арасындағы саяси одаққа да еш қатысы жоқ. Бұл –ешқандай да өркениеттік жол емес. Бұл –тығырыққа тірелу. Бұл- барлық ұлтты интеллектуалды регрессияға әкелетін үлкен мөлшердегі энергия мен күштің босқа сарқылуы, далаға кетуі».

Әрине, посткеңестік кеңістікте латындандыруға байланысты   сәтті орындалған тәжірибе мысалы да  жоқ емес. Оған біз Әзірбайжанды мысалға келтіре аламыз. Үлкен қаржы мен жоспарды біртіндеп жүзеге асырудағы парасаттылық арқасында латындандыру процессі бұл елде сәтті жүзеге асты. Дейтұрғанмен, оның кемшіліктері де жоқ емес. Қоғам кітап оқудан қалып барады дейді мамандар.

Осы мәселеге байланысты «Лента.ру»-да өз пікірін ұсынды.

«Қазақстандық лидер не себепті латындандыру туралы енді айта бастады?» -деп  жазады портал. Шынайы экономикалық модернизацияландыруды Қазақстан жасай алған жоқ. Бірінші бесжылдық  индустриялизациясы нәтижелерін   Назарбаевтің өзі сынға алды, соған қарамастан елде бесінші бесжылдық жарияланып жатыр.   «Осындай жағдайда латындандыру процесі аса қажетті секілді» -дейді портал  Е.Қариннің сөзіне сілтеме жасай отырып.

«Қазақстан идеологтары латын графикасына көшуде кеңестік тәжірибені қолданбақ».

Мемлекет интеллигенциясының басым көпшілігі латындандыруды Ресейдің мәдениет кеңістігінен шығудағы символизмі деп есептейді.  

«Латынға көшуде де  кеңестік идеологиялық схемаларға сүйену-осы жағдайдағы нағыз ирония »- дейді портал.

«Сөзбен, тілмен тікелей жұмыс істейтін әдбиетшілер көршілерінің өткерген тәжірибелерін есепке ала отыра, Қазақстан президентіне ашық  хат жазып, онда латынға көшу кезінде болашақта  жас буын тарихтан, дәстүрден ажырап қалу қаупі бар екенін айтқан».

«Қазақстан латын графикасына көшу барысында бірқатар проблмалармен бетпе-бет  келетіні анық»- дейді ресейлік портал.

 Біріншіден, көп мөлшердегі қаржы шығыны: миллионнан бастап миллиардқа дейінгі көлемде. Екіншіден, қазақ тілін қолданушылар үшін латынға көшу қиынға соғады: оқу жылдамдығының төмендеуі, оқып отырған мәтіннің мағынасын түсінуге де ауырлық келтіреді. Осы орайда,  бұл елдің интеллектуалдылығына  әсер етпей қоймайды».

«Жазба тілінің өзгеруі тек қазақ қоғамына, оның қазақ тілді бөлігіне ғана әсер етеді. Ресейдің ресми өкілдері мен тұлғалары бұл мәселеге байланысты өз пікірлерін білдірген жоқ. Алайда Қазақстан шенеуніктері тіл реформасы Астана мен Мәскеу қарым-қатынасына ешқандай сызат түспейтінін айтып сендіруде».

«Қазақстан үкіметі 80-90 жылғы ескі идеологиялық сұрақты неге қайта сілекейлетіп отыр? Асылында, мемлекетте бұдан өзге  мобилизациялық жоба да, жоспар да жоқ сыңайлы...» деп портал өзінің пікірін білдірді.

Таяу Шығыс Институтының президенті Е.Сатановксийдің Ресейдің  федералды жаңалықтар агенттігіне берген сұхбатында  латындандыруға байланысты  пікірін былай білдірген:

 «Бұл мәселенің шығыстануға ешқандай да қатысы жоқ. Қазақстанның болашағы орыс тілінде емес, орыс тілімен  байланыс үзіледі»- дейді.

Шығыстанушының айтуынша, бұл -Қазақстан Түркиямен жақындаспақшы деген сөз емес. «Латынға көшу Қазақстанды модернизациялайтыны рас» -дейді маман.

«Бұл Түркияға бағытталған әрекет емес, латынға бағытталған әрекет. Осы жазуды қолданатын әлем елдеріне жақындау деген сөз. Бүгін Қазақстан бізге қарағанда ғылыми еңбектері әлдеқайда көп шығатын елге айналған. Мұнай, газ Қазақстанда жетерлік. Қазақстанда орыс тілінде білім алуда белгілі-бір перспективтілік жоқ. Сондықтан бұл абсолютті заңды құбылыс»-дейді  Евгений Сатановский.

Ресейлік БАҚ-та айтылып жатқан «Назарбаев мақаласы» туралы әңгіменің реакциясы негізінен осыған саяды. Қазақстан Президенті Назарбаев бірнеше жыл бұрын Қазақстан атауын «Қазақ елі» деп өзгерту туралы бастама көтерген кезде де, оны теріскейдегі көршіміз қатты талқылап, тіпті елдің атауын өзгертпеу туралы петиция ұйымдастырған еді.

Ресейлік БАҚ бұл жолы да Қазақстанда болатын реформаларға өздерінің қарсылықтарын білдіріп, түрлі кері түсінікке жетелейтін үгіт жасаса да, елдің іргелі институттары Қазақ елінің қазіргі қадамдары, болашаққа бетбұрысы жөнінен «рухани жаңаруға» мүдделі екенін, оған толықтай құқылы екенін мәжбүрлі түрде мойындап отыр. 

Демек, Ресей қанша жерден теріс пікір білдіріп, Қазақстанның латын графикасына өтуін қаламаса да, осыған көнеді.

 

 

 

Назерке Мұса

Қатысты Мақалалар