Бүгін Ұлттық қауіпсіздік комитеті(ҰҚК) Ішкі істер органдарымен бірігіп, Ақтөбе және Оңтүстік Қазақстан облыстарында арнайы операция жүргізді, деп хабарлайды Қамшы ақпараттық агенттігі.
ҰҚК баспасөз қызметінің хабарлауынша: «Қазақтанда тыйым салынған ИШИМ(Ирак пен Шамның ислам мемлекеті) ұйымын қолдауға шақырған радикалды төрт топтың жұмысы тоқтатылды. Терроризмді насихаттау және дін аралық жауыздықты ушықтыру фактілері бойынша сотқа дейінгі тергеу жұмыстарына байланысты 11 адам тұтқындалды. Олардың тұрғылықты жерлерінде тексерулер жүргізіліп, куәгерлерден жауап алу жұмыстары басталды».