Сағадиев 11-сынып оқушысына хат жазды

/uploads/thumbnail/20170710033420789_small.JPG

Білім және ғылым министрі Ерлан Сағадиев 8 жасар қызды педофилден құтқарып қалған 11 сынып оқушысына алғыс білдірді, деп хабарлайды Қамшы ақпараттық агенттігі.

«Құрметті, Темірбек Тахирұлы! Адам өмірін құтқару мақсатында жасаған ерлігіңіз үшін алғыс білдіремін. Сіздің бұл әрекетіңіз өзгелерге үлгі болатынына сенімдімін. Алдағы істеріңізге сәттілік тілеймін. Мен сіздің еліміздің дамуына өлшеусіз үлес қосатын азамат болатыныңызға сенімдімін», - дейді министр жолдаған хатында.

Министрліктің баспасөз қызметінің хабарлауынша, бүгін Алматыда Білім министрлігі Ғылым комитетінің төрағасы Болатбек Абдрасылов хатты Темірбекке тапсырады.

Қатысты Мақалалар