12 жастағы бала 11 жастағы досын абайсызда өлтіріп алды

/uploads/thumbnail/20170710033430951_small.jpg

Кішкентай бала өзінің досын абайсызда атып жіберді. Оқиға Гарден-Хилл елді мекенінде болды деп хабарлайды Қамшы ақпараттық агенттігі ТАСС-қа сілтеме жасап.

Полицияның мәліметінше, 11 және 12 жастағы балалар үйден қару тауып алған. Салдарынан 12 жастағы бала 11 жастағы досын өлтіріп алды. Қайғылы оқиғадан кейін полиция атқан бала мен оның әкесін ұстады.

Балаға адамның өліміне әкеліп соққан қаруды дұрыс қолданбады, ал әкесіне қаруды дұрыс ұстамады деген айыптар тағылған. Әкесі мен баласы бостандықта. Соттың шешімін күтуде. 

Қатысты Мақалалар