Қазақстан Жазушылар одағы Басқармасы секретариатының шешімімен бір топ қаламгерге Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығы берілді деп хабарлайды Қамшы ақпараттық агенттігі. Олардың ішінде Қытайда тұратын қандасымыз белгілі жазушы, тарихшы-ғалым, мемлекет және қоғам қайраткері Сұлтан Рамазанұлы Жанболатов та бар.
Бұл мәртебелі сыйлықты шетелде жүрген бес миллион бауырларымыздың ішінен бес-ақ кісі иеленген. Олар – Халифа Алтай, Қажығұмар Шабданұлы, Хасен Оралтай, Ғалым Қалибекұлы және Дүкен Мәсімхан.