ҚР Президенті Н.Назарбаев тегін баспана адамдарды масылдыққа тәрбиелейді деді деп хабарлайды Қамшы ақпараттық агенттігі Информбюроға сілтеме жасай отырып.
«Әлеуметтік әлсіз топтарға берілуі керек баспанадан шенеуніктер дәмеленбесін. Әлеуметтік әлсіз топтағылар жалдамалы үйге ақша төлесін, сосын барып сатып алсын. Бюджеттегілер «Нұрлы жер» бағдарламасына жүгінсін» деді Елбасы.
Мемлекет басшысы сөз соңында мемлекеттік тұрғын үй қорын арқылы берілетін баспанаға әркімнің ақ таласы бар болғанымен, үмітті адамдардың категориясын шектеуге тапсырды.
«Мен бұл туралы бірнеше рет айттым. Біз барлығын түсінеміз. Соғыс ардагерлерін, олардың бала-шағасын, немере-шөбересін үймен қамтамасыз еттік. Бірақ шектен шықпау қажет. Құрметтейміз, бағалаймыз, барымызды аямаймыз» деді Н.Назарбаев.