Атақты америкалық актер Джим Керри өзінің адам танымастай өзгерген суретін twitter парақшасына салып жанкүйерлерін таң қалдырды деп хабарлайды Қамшы ақпараттық агенттігі tengrinews.kz-ке сілтеме жасап. Бұл сурет әлеуметтік желіде біраз талқылауға түсті. Көптеген оқырмандар 55 жастағы актердің өз жасынан әлдеқайда үлкен көрінетінін айтып, пікір білдірген. Бұл суретті көрген желі қолданушылары Джим Керридің отбасылық мәселесіне байланысты уайымдауының нәтижесінде осындай күйге түсті деп те пікір білдіреді.
