Бердібекті мақтап, Архимедті сынаған торғайлық ақынның басы дауға қалды

/uploads/thumbnail/20170710033831697_small.jpg

«Қостанай таңы» газетінде ақын Саят Әбеновтың «Біздің әкім» атты өлеңіне қатысты ел ақсақалдары мен елге танылған апа-аталардың сыни пікірі жарияланды. Онда  Қостанай облысының әкімі Архимед Мұхамбетов болғалы орын алған оң өзгерістерді тізбектеп жазған. Саят Әбеновтің қолына қалам алуына себеп болған  су тасқыны, қазақ халқының басына туған нәубет әкімдердің бет-беделіне қарамайды деп жазған мақалада.

"Айналайын, Саят! Ақ пен қараны, өтірік пен шындықты, жақсы мен жаманды айыратын жасқа жеткен азаматсың. Сенің талабыңа тілекшіміз, өшкеніңді емес, өскеніңді қалаймыз. Арзан сөзге, жалған атаққа құмартпағаның абзал. Сыртта жүріп, ұзынқұлатан жеткен жел сөздерге еріп, елдің азаматтарына айып тағуың орынсыз. Апат айтып келмейді. Бұл қазақ даласына келген бұл нәубет әкімдердің бет-беделіне қарамайтындығын баламыз білер дейміз" деп жазады "Қостанай таңы" газетінің Бас редакторы. 

Саят Әбеновке қаратыла айтылған сындарға қатысты ақынның пікірін білу үшін өзіне хабарластық. Саят Әбенов Қазақстанның азаматы ретінде тек өз ойын білдіргенін айтады.

Саят Әбенов, ақын: Бала кезімнен бастап «Қостанай таңы» газетінде өлеңдерім шығып тұрды. Аталмыш газетте жазылған сынды ұстаздарымның ақылы ретінде қабылдаймын. Ағаларым мен апаларым өлеңді сұйылтпай, көркемдеп, мөлдіретіп жазсаң деген кеңесін айтып отыр. Мұны өзіме келіп, Саят, сен шектен шығып барасың. Мұның болмайды деп айтса қуанар едім. Газет бетінде мақала жарияланғаны мен үшін ауыр соққы болды. Мен Қазақстан Республикасының азаматы ретінде елдегі мәселе жөнінде тек өз азаматтық пікірімді білдірдім. Одан поэзия іздеу күлкілі. Онда әкімнің жеке басына тиіспедім. Бірі өзінің азаматтық пікірін сөзбен айтса, мен өлеңмен жеткіземін.  Кезінде Бұқар жырау да Абылай ханға сыни пікірлерін өлеңмен жеткізген. Абылай хан оны дұрыс қабылдаған. Сол сияқты әкімдер де жергілікті ақындардың ойымен санасу керек, пікіріне құлақ асу керек деп ойлаймын. Себебі мен тек халықтың көкейіндегісін ғана жеткіздім. Мен халықпен біргемін. Ал өзімді торғайлық ақын деп таныстыруыма келер болсақ, студент кезімнен барлық өлеңдерімнің астына торғайлық ақын деп жазып дағдыланып кеткенмін. Мұндағы айтпағым тек туған жерім Торғайдікі екенімді білдіру ғана. Әлеуметтік желіде жарияланған жазбаларым өз аудиторияма арналған. Ұнап жатса қуаныштымын, ұнамаса ренжімеймін.

Мен айтылған сындардың барлығын саралап, сараптап, бір жүйеге келтіріп, қорытынды шығарамын. Болашақта мүлде өлең жазбаймын немесе поэзияға көшемін» дейді Саят Әбенов.

Ақын, жазушы – зиялы қауым өкілдері. Елдегі қордаланған мәселені көтеріп, жырлайтын да, халықтың мұңын мұңдайтын да, жоғын жоқтайтын да осы зиялы қауым. Елдегі өзекті әрі маңызды мәселе турасында үнсіз қалу халықтың шымбайына тиетіні анық. Ақындардың халықтың көкейіндегісін өлеңмен жеткізсе құба-құп дейміз. Орынды сын айтылса мін де түзелетіні анық. Тек оны дұрыс қабылдап, оң нәтиже шығарса болғаны. 

Қамшыгер: Әсем Әлмұханбет

Қатысты Мақалалар