Елбасы мамырда ресми сапармен Қытайға барады

/uploads/thumbnail/20170710034311217_small.jpeg

Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев 14-15 мамырда Пекинге барады, деп хабарлады ҚР сыртқы істер министрі Қайрат Әбдірахманов.

ҚР Сыртқы істер министрі Қайрат Әбдірахманов жұма күні ҚХР сыртқы істер министрі Ван И мырзамен келіссөздер жүргізді.

«Екі жақты келіссөздер тақырыбының бірі жоғары деңгейдегі сапарларға дайындық мәселесі болды. ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың 14-15 мамырдағы Бейжіңде өтетін "Бір белдеу бір жол" халықаралық форумына қатысуы және ҚХР төрағасы Си Цзиньпиннің 7-9 маусымда ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Астанаға сапары дайындығына қатысты мәселелер талқыланды», — деді Әбдірахманов кездесу қорытындылары бойынша баспасөзге өткізілген брифинг барысында.

 Қазақстан және Қытай СІМ басшылары саяси және сауда-экономикалық саладағы ынтымақтастық мәселелерін, оның ішінде шекара маңындағы су ресурстарын пайдалану, сондай-ақ консулдық мәселелер бойынша өзара әрекеттесу мәселелерін талқылады.
 

Қатысты Мақалалар